«200-ден астам ауылда медициналық нысан жоқ, 3,3 млн халық сақтандырылмаған» – министр
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысында халықтың медициналық көмекке қолжетімділігі жайлы айтты.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек – денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі қызметтің бірі, оны еліміздің барлық халқын қамтитын 5617 объекті көрсетеді. Оның жұмысының негізгі принципі – отбасылық қызмет көрсету мен аумақтық қолжетімділікті қамтамасыз ету. Көмекті учаскелік дәрігер, үш орта медицина қызметкері, әлеуметтік қызметкер, психологтан тұратын учаскелік көпбейінді командалар көрсетеді, – деп мәлімдеді министр.
Ғинияттың айтуынша, осы саланың бірқатар өзекті мәселесі де бар. Оның сөзінше, алдымен, медициналық көмектің толық қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет.
Бұл мәселелер бойынша халықтан түсетін шағымдардың ең көп саны Астана, Алматы қалаларына, Ақмола, Атырау облыстарына тиесілі екенін атап өткен жөн. Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде 3,3 млн халық сақтандырылмаған күйінде қалып отыр, ең көп саны Жетісу, Алматы, Жамбыл облыстарында және Шымкент қаласында байқалады. Екіншіден, медициналық кадрларға деген қажеттілік төмендегеніне қарамастан әлі де сақталып отыр. Бұл көрсеткіш Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарында басым, – деді ведомство басшысы.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медициналық-санитариялық алғашқы көмек саласындағы проблемаларға да тоқталды.
Министрдің айтуынша, медициналық-санитариялық алғашқы көмек – денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі қызметтің бірі, оны еліміздің барлық халқын қамтитын 5617 объекті көрсетеді. Оның жұмысының негізгі принципі – отбасылық қызмет көрсету және аумақтық қолжетімділікті қамтамасыз ету. Көмекті учаскелік дәрігер, үш орта медицина қызметкері, әлеуметтік қызметкер, психологтан тұратын учаскелік көпбейінді командалар көрсетеді.
Медициналық объектілердің инфрақұрылымы шешілмеген проблема
«Медициналық нысандардың инфрақұрылымы әлі де жеткіліксіз. Бүгінде 200-ден астам ауылдық елді мекенде медициналық объекті жоқ, ғимараттардың тозуы 56%-ті, медициналық техникамен жарақтандыру 50%-ті құрайды», – деді Ғиният үкімет отырысында.

Сондай-ақ медициналық көмек барлығына бірдей қолжетімді емес. Бұған қатысты ең көп шағым Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау облыстарының тұрғындарынан түседі.
Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде 3,3 млн халық сақтандырылмаған. Олардың ең көбі Жетісу, Алматы, Жамбыл облыстарында және Шымкент қаласында байқалады.
Бұған қоса Ғинияттың айтуынша, медициналық кадрларға деген қажеттілік төмендегеніне қарамастан сұраныс әлі де бар. Әсіресе Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарында кадр жетіспейді.