БҚО-да құны 1, 3 млрд теңге құрайтын пайдаланылмайтын жерлер мемлекетке қайтарылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдар жалпы ауданы 119 мың гектар болатын 121 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарды.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің басшысы Әділхан Сабуров хабарлады.
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің Картасына» енгізілген проблемалық салалардың бірі ауыл шаруашылығы саласы болып табылады.
Негізгі жұмыс пайдаланылмаған жерлерді қайтаруға, содан кейін оларды мұқтаж азаматтар мен кәсіпкерлерге беруге бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдар жалпы ауданы 119 мың гектар болатын 121 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарды. Жердің кадастрлық құны 1, 3 млрд теңгені құрады.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Жер кодексінің 65-бабының 1-тармағына сәйкес жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылар жерді оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға міндетті. Алайда, жерді иеленіп пайдаланбайтын немесе ұтымсыз пайдаланатын, сондай-ақ мақсатсыз пайдаланатын жер пайдаланушылар бар.