БҚО тұрғындарын алдаған алаяқ әйел ұсталды
Күдікті екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қызылорда облысынан келген 38 жастағы әйел БҚО тұрғындарын алдады деп күдіктелуде. Полицияның хабарлауынша, өткен жылдың желтоқсанында және осы жылдың қаңтарында ол Атырауда жұмысқа орналасуға уәде беріп, ақша алған.
— Бүгін алданған жеті адам полицияға арыз жазды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 950 мың теңгені құрады. Алаяқ уақытша ұстау изоляторына қамалды,-деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.