Батыс Қазақстан облысында киік өлексесі көбейген

Батыс Қазақстан облысында киік өлексесі көбейді. Не істерін білмей дағдарған шаруалар ақбөкеннен ауру тарап, малымыз қырыла ма деп уайымдап жүр.

«ОА» мұрағатынан

Ауылдықтардың айтуынша, бүгінде ақбөкендер төрт түлікпен бірге жайылып, бір жерден су ішеді. Сондықтан бір-біріне ауру жұқтыруы мүмкін. Ал әлсіреген киіктердің кейбірі қора маңына келіп құлайтын көрінеді.

Қайрат НАСИМУЛЛИН, ШАРУА:

Нағыз жайылыс уақытында осы Бөкей Ордаға келіп жайылады. Киіктен зардап шегіп жатырмыз деп екінің бірі айтады. Айналамыздағы пункттің кейбір жерлерінде 7-8-ден өліп жатқан киіктің басы. Ал ауру ма, оны ешкім де білмейді. Оны сараптап, ізденіп жатқан ешкім жоқ.

Ал мамандар бөкендердің баудай түсуін қалыпты жағдай дейді. Өйткені төрт жыл ғана өмір сүретін киіктің әлсіреп арықтауы, тіпті қартайып өлуі – табиғи құбылыс. Сала өкілдерінің айтуынша, келесі айдан бастап, Батыс Қазақстан облысында ақбөкендердің санын реттеу басталады. Аймақтағы ет өңдеу комбинаттары екі айда 120 мың киікті союға дайынбыз деп отыр.

Нұрлан РАҚЫМЖАНОВ, БҚО ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ҚОРҒАУ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Киік саны көбейген сайын, оның өлексесі де көбейеді. Бұл – табиғаттың заңы. Биыл жыл басынан 1371 бас киік өлексесі тіркелді. Ешқандай ауру белгілері жоқ деп жауап келді. Тағы бір мәселе – көптен істеп келе жатқан мал молаларының толып қалуы. Бұл да үлкен кедергі.

Дереккөз: Аstanatv 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-12
Утром26.37 ℃
Днем32.58 ℃
Вечером35.95 ℃
Ночью26.07 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра6.64 м/с
2025-07-13
Утром20.51 ℃
Днем28.57 ℃
Вечером28.88 ℃
Ночью21.46 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра5.37 м/с