Орал тұрғыны үш күн ішінде 23 рет жол қозғалысы ережесін бұзған

Жүргізушінің көлігін патрульдік полиция қызметкерлері 26 қыркүйекте ұстады. Жол ережесін бұзу ер адамға 569 мың теңге шығын әкеледі.

— Ер адам жол ережесін 23-26 қыркүйек аралығында 23 рет бұзған. Ұсталғаннан кейін оның көлігі арнайы автотұраққа жіберілді, — деп хабарлады полиция департаменті.

Департамент жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізуші айыппұл сомасының жартысын төлей отырып, қарызды жеңілдетілген тәртіппен өтеуге құқылы екенін атап өтті.

Айта кетейік, соңғы бес күнде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдар саны 2087 құрады, жүргізушілерден 31 миллион 770 мың теңге сомасы өндірілді.

25 автокөлік арнайы автотұраққа жіберілді.

Полиция департаменті Орал тұрғындарына айыппұлдардың бар-жоғын қайдан тексеруге болатынын айтты,

порталдарда:

— Қазақстанның электрондық үкіметі (egov.kz);

— құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Ақпараттық сайты (qamqor.gov.kz);

— Қазпошта сайты (post.kz);

-сондай-ақ банктерде және онлайн-банкинг ресурстарында.

Айыппұлды Екінші деңгейдегі банктер, «Қазпошта» филиалдары немесе онлайн-банкингтің мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады.

Маңызды! ЖҚЕ үшін айыппұл төлеген кезде жүйеге автоматты интеграциялау үшін төлем жүргізілетін хаттаманың нөмірін көрсету қажет.

Мария ДРАЧЕВА

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-19
Утром10.41 ℃
Днем15.9 ℃
Вечером15.4 ℃
Ночью12.64 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра6.99 м/с
2026-04-20
Утром9.06 ℃
Днем11.04 ℃
Вечером11.9 ℃
Ночью10.97 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра5.9 м/с