Алиментті қалай өндіріп алуға болады – заңның негізгі талаптары

Ерлі-зайыпты ажырасқанда кәмелет жасқа толмаған балалар болса, алимент төлеу мәселесі ерікті немесе мәжбүрлеп талап ету арқылы шешіледі.

Көрнекі сурет ашық көзден

Заң бойынша алимент балаларға ғана емес, өзін асырай алмайтын зайыбына және ата-анасына төленуі мүмкін. Sputnik Қазақстан алимент өндіріп алуға қатысты заңның негізгі нормаларын ұсынады.

Алимент кімге төленеді?

Ата-ана кәмелетке толмаған балаларын асырауға міндетті. Ажырасу кезінде көп жағдайда баланы асырауға қатысты мәселе туындайды. Бірақ заң бойынша алимент басқа адамдарға да төленеді. Олар:

  • кәмелет жасқа толмаған балалар;
  • кәмелетке толған, бірақ еңбекке жарамсыз балалар;
  • еңбекке жарамсыз ерлі-зайыптының бірі;
  • жүкті зайыбы;
  • І-ІІ топтағы мүгедек деп танылған балалар (18 жасқа дейін);
  • 18 жасқа толғанға дейін мүгедек балаға күтім жасайтын мұқтаж зайыбы;
  • еңбекке жарамсыз ата-ана.

Бұдан бөлек қамқорлықта, қорғаншылықта немесе патронаттық тәрбиеде болатын балалар, сондай-ақ асырап алынған балалар да алимент алуға құқылы. Неке және отбасы кодексінің 6-бабына сәйкес, алимент баланың ата-анасынан немесе басқа заңды өкілдерінен өндіріледі және баланы асырауға, біліміне және тәрбиесіне жұмсалады.

Сот алимент төлеу талабын қолдамауы мүмкін

Ерлі-зайыпты ажырасқанда алимент төлеу туралы келісім жасай алады. Осы құжатта алименттің мөлшері мен төлеу тәртібі көрсетіледі. Кәмелетке толмаған балалардың кіммен тұратыны да жазылады. Келісім жазбаша жасалады. Оған нотариустың мөрі басылады. Бұны «алимент төлеудің ерікті тәсілі» деп атайды. Ал келісім болмаса, сот арқылы, яғни алиментті мәжбүрлі түрде өндіріп алуға тура келеді.

Ата-ананың бірі алиментті төлетуге сотқа арызданбаса, онда қорғаншылық және қамқоршылық органы талап бере алады.

Сот алименттің мөлшерін және төлеу тәртібін анықтайды. Бірақ судья бұрынғы зайыбына алиментті төлеу талабын қолдамауы да мүмкін. Оған бірнеше себеп болады. Олар:

  • спирт ішімдіктерін, есірткі заттарын, психотроптық заттарды шамадан тыс қолданудан еңбекке жарамсыз болып қалса;
  • еңбекке жарамсыздық қасақана қылмыс жасағаннан туындаса;
  • алимент талап ететін ерлі-зайыптының бірі орынсыз әрекет етсе.

Бала мен ата-ана бір-бірінен алимент талап ете алады

Неке және отбасы кодексінің 143-бабына сәйкес, кәмелет жасқа толған, бірақ еңбекке жарамсыз балалар ата-анасынан алимент талап ете алады. Сол сияқты көмекке мұқтаж ата-ана да өз балаларынан алимент талап етуге құқылы. Өзара келісім болмағанда алименттің мөлшері отбасының материалдық жағдайына қарай анықталады.

Сотта алименттер нақты шығындарға, сондай-ақ алдағы, болашақта талап етілуі мүмкін шығындарға да есептелуі мүмкін.

Еңбекке жарамсыз ата-ана бір немесе барлық баласынан алимент талап ете алады. Алайда өз міндетін орындамаған ата-аналар соттың оң шешімін алуы екіталай. Ал ата-ана құқығынан айрылған ата-аналар алимент талап етпесе де болады. Сот бәрібір оларды қолдамайды.

Алименттің мөлшері

Заң бойынша ай сайын төленетін алименттің мөлшері бар. Олар:

  • бір балаға – ата-анасының еңбекақысынан және/немесе өзге табысының (1/4) төрттен бірі;
  • екі балаға – ата-анасының еңбекақысының және/немесе өзге табысының үштен бірі (1/3);
  • үш және одан да көп балаларға – ата-анасының еңбекақысының және/немесе өзге табысының жартысы (1/2).

Сотта осы үлестердің мөлшері тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайына қарай азайтылуы немесе ұлғайтылуы мүмкін. Балаларды асырауға кететін қосымша сомалар шегеріледі. Ерекше жағдайлар да ескеріледі. Атап айтқанда, ауыр аурулар, кәмелетке толмаған балалар мертігіп қалса немесе оларға бөгде адамның күтімі керек болса, алименттің мөлшері өзгереді.

Алиментті өндіріп алған жағдайда борышкерде жалақының немесе өзге де табыстың жартысы қалуы қажет.

Сотқа арыз түсіру тәртібі

Алимент сотқа жүгінген сәттен бастап тағайындалады. Ал өткен кезең үшін алдыңғы 3 жылдан артық емес уақытқа талап етуге болады. Сотқа бірнеше құжат тапсыру керек. Олар:

  • алиментті төлеу туралы талап өтініш, сондай-ақ жауапкерге берілетін арыздың көшірмесі;
  • жеке куәліктің көшірмесі және түпнұсқасы;
  • талаптарды растайтын құжаттар.

Сотта нақты жағдайларға байланысты басқа да құжаттар сұралуы мүмкін. Сондықтан бәрін алдын ала біліп алған дұрыс.

Сотта алиментті өндіріп алу туралы талаптар бойынша мемлекеттік баж төленбейді.

Сот шешімі қалай орындалады

Сот бұйрығына судья қол қояды да, оны сот актілерін орындау департаментіне жібереді. Ал жұмыс орнының бухгалтері алимент төлеуге міндетті жұмысшының жалақысынан ақша ұстап отырады. Ол үшін үш құжаттың біреуі жеткілікті. Олар:

  • нотариалды расталған келісім;
  • сот бұйрығы;
  • атқару парағы.

Алимент жалақы берілгеннен бастап 3 жұмыс күні ішінде аударылуы шарт. Осының бәрін сот орындаушысы бақылауда ұстайды.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ОҚЫҢЫЗ: Оралдағы әйелдер алимент төлемеген борышкерлерді қатаң жазалауды талап етті

Батыс Қазақстанда алимент төлемеген 80 борышкер іздестірілуде

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-04-15
Утром4.99 ℃
Днем10.14 ℃
Вечером12.74 ℃
Ночью11.9 ℃
Влажность72 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра9.59 м/с
2024-04-16
Утром9.8 ℃
Днем12.44 ℃
Вечером9.99 ℃
Ночью9.98 ℃
Влажность63 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра7.53 м/с