Қазақстанда микронесиемен жан баққандар саны күрт өсті

Бірінші кредиттік бюро 2023 жылдың тамыз айында қазақстандықтарды несиелеу қорытындысын жариялады.

фото: ашық дереккөзден

Тамыз айында берілген несиелердің жалпы көлемі шілдедегі рекордтық көрсеткішке жақын болды – шамамен 1,4 трлн теңге.

«Сәуір айынан бастап алғаш рет жаңа несие рәсімдеген қазақстандықтардың саны төмендеді: шілдедегіден 85 мың адамға аз. Бірақ қарыз алушылар әлі де көп – шамамен 2,5 миллион адам. Кепілсіз тұтынушылық несие секторында соңғы уақытта алғаш рет құлдырау байқалды. Микроқарыздар алушылар саны, керісінше, шілдедегі көрсеткіштен 22 мың адамға артып, 443 мың адамға жетті», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар автонесиелер саны артып келеді. Тамыз айының соңына қарай берілген қарыздардың саны 400 мыңнан асқан.

Ал заңды тұлғаларға берілген несиелер көлеміне келсек, өткен аймен салыстырғанда күрт өсім бар.

«Шілдеде 1,1 трлн теңге несие берілсе, тамызда заңды тұлғалар 1,6 трлн теңге қарыз алған. Бұл 2023 жылғы рекорд. Қарыз алушылар мен келісімшарттардың саны айтарлықтай өзгерген жоқ, бірақ берілген несиелердің орташа сомасы 36% — ға, 29 млн теңгеге дейін ұлғайды. 2023 жылдың 1 қыркүйегіне портфель 23,5 трлн теңгені құрайды», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, халыққа жолдауында президент банктердің тұтыну несиелерін оңды-солды беруін сынға алды.

«Нақты секторға берілетін кредит азайып жатқанда банктер тұтыну несиесімен әуестеніп кетті. Осы жағдай қаржы жүйесіне төнетін сын-қатерлердің көбеюіне және азаматтардың шектен тыс қарызға батуына әкеп соқтырды. Менің 2019 жылы 500 мың азаматтың кепілсіз несиесін кешіру туралы шешімім және жақында қабылданған жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң мәселені біршама реттеді. Бірақ ахуалды біржола түзеу үшін жаңадан жүйелі шаралар қабылдау қажет. Сонымен қатар азаматтардың қаржы сауатын арттыру өте маңызды», – деді Тоқаев.

Ұлттық банк жариялаған деректерге сүйенсек, қазақстандықтардың 90%-ының жан басына шаққандағы табысы 151 мың теңгеден аспайды.

Сондай-ақ, бұдан бұрын елімізде 355 мыңнан астам бала кедейлік шегінде өмір сүріп жатқаны хабарланған.

Дереккөз: Ulysmedia.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Халықтың азық-түлікке қаржы жұмсау деңгейі Қазақстандағы елеулі кедейлік туралы айтады-Бейсембаев

Қазақстанда қанша бала кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр

Қазақстанда кедейлік шегін қайта анықтау қажет

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-12
Утром1.77 ℃
Днем2.37 ℃
Вечером2.08 ℃
Ночью1.89 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра7.57 м/с
2026-11-13
Утром4.28 ℃
Днем6.33 ℃
Вечером2.58 ℃
Ночью5.17 ℃
Влажность70 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра7.29 м/с