БҚО тас жолында екі жүргізуші қаза тапты
Toyota мен Volkswagen көліктерін 46 және 82 жастағы жүргізушілер басқарған.

Апат Орал — Тасқала тас жолында 28 қыркүйекте сағат 00:05-те болған.
БҚО полиция департаментінің мәліметінше, Toyota мен Volkswagen көліктерін 46 және 82 жастағы жүргізушілер басқарған. Апат салдарынан екі жүргізуші де сол жерде қайтыс болды.
— 1961, 1957, 1943 жылы туған Toyota жолаушылары облыстық ауруханаға жатқызылды, — деп хабарлады ведомствода.
ҚР ҚК-нің 345-бабы «ЖҚЕ бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Басқа жағдайлар анықталуда.
