Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының 76%-і тозған – вице-министр

Жаңарту жылдамдығы қажетті ең төменгі деңгейден шамамен бір жарым есе төмен.

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда барлығы 149,8 мың трактор, 38 мың комбайн, 4,9 мың тұқым себу кешені және 76,3 мың сепкіш техника, сондай-ақ 219 мың данаға жуық әртүрлі топырақ өңдейтін құрал-сайман бар. Бірақ бүкіл парктің орташа тозуы 76%-ға жетті, деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек Мәжілісте өткен жиында. Бұл туралы парламенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Вице-министр белгіленген ең төменгі технологиялық жаңарту 6-8% болғанда, қазіргі көрсеткіш небәрі 4,5%-ды құрайтынын айтты.

Мәжілісмен Жигули Дайрабаев осыған қатысты мәлімдеме жасап, ескірген құрал-жабдықтарды пайдалану жанар-жағармай құнына жұмсалатын шығынның 20%-ға өсіп, өндіріс көлемінің 14%-ға төмендеуіне әкеліп соғатынын айтты. Бұл ретте Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасының жай-күйі өзекті тақырып болғандықтан, оған Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі Жолдауында ерекше мән беріп, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту көрсеткішін жылына 8-10 пайызға жеткізуді тапсырды.

«Үкімет басшылығы технопаркті жаңартпай еңбек өнімділігі мен фермерлердің кірісін арттыру мүмкін емес екенін жақсы түсінеді. Алайда, қазіргі жеңілдетілген лизинг құралдарын қаржыландыру көлемін айтарлықтай арттыру үшін мемлекет қандай кедергілерге тап болып отырғаны белгісіз», – деп баспасөз қызметі Дайрабаевтың сөзін келтірді.

Парламентарий 19 қыркүйекте премьер-министр шаруаларға жеңілдетілген лизинг беруге 20 миллиард теңге бөлу туралы шешім қабылдағанын, бірақ бұл қаржы әлі де жеткіліксіз екенін еске салды.

Дереккөз: sputnik.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-07
Утром-10.65 ℃
Днем-5.01 ℃
Вечером-9.71 ℃
Ночью-10.75 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1047
Скорость ветра5.56 м/с
2025-02-08
Утром-11.91 ℃
Днем-7.59 ℃
Вечером-9.27 ℃
Ночью-10.58 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра4.44 м/с