Қазақстан тұрғын үй компаниясы үлескерлерге арналған жеке кабинетті іске қосты

Азаматтар енді өзінің үлестік қатысу шартының «Қазреестр» бірыңғай ақпараттық жүйесіне тіркелген-тіркелмегенін онлайн тексере алады.

Ашық дереккөзден

«Тұрғын үй порталы» ақпараттық жүйесі үлескерлердің жеке кабинетін іске қосты. Жеке кабинет азаматтарға өздерінің үлестік қатысу шартын «Қазреестр» бірыңғай ақпараттық жүйесінде тіркеу фактісін тексеруге мүмкіндік береді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі

Компанияның түсіндіруіне сәйкес, үлескерлердің жеке кабинеті онлайн режимінде ҮҚШ бойынша өзекті ақпаратты ұсынады, сондай-ақ мұнда тұрғын үй кешені, құрылыс салушы, уәкілетті компания туралы деректерді көруге болады. Сонымен қатар, үлескерлер үшін ыңғайлы болу мақсатында жеке кабинетте Қазақстан тұрғын үй компаниясының электрондық нұсқаларын, егер болған жағдайда қосымша келісімдерді, сондай-ақ Қазақстан тұрғын үй компаниясының есептік жазбасы туралы үзінді көшірмені сақтау мүмкіндігі жасалған.

Ескерте кетейік, әрбір әлеуетті үлескер «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылыс салушылар әкімдіктің рұқсатын немесе ҚТК кепілдігін алғаннан кейін ғана құрылыс кезеңінде олардың қаражатын тарта алатынын білуі керек. Бұл ретте сатып алушымен міндетті түрде бекітілген үлгілік нысанға сәйкес, кейіннен оны Қазреестрде тіркей отырып, үлестік қатысу шарты жасалуы тиіс. 

Үлестік қатысу шарты сәтті тіркелген кезде үлескермен мәміле еліміздің заңнамасы шеңберінде жасалғандығын растайтын, тиісті үзінді көшірме қалыптастырылады.

«Бұл туралы құрылыс салушымен қандай да бір құжаттарға қол қоймас бұрын білу маңызды, өйткені кейбір компаниялар брондау, алдын ала сатып алу-сату, инвестициялау және тағы басқа шарттар жасасу сияқты заңсыз тәсілдермен үлескерлердің қаражатын тартады. Егер үлескерлермен осындай шарттар жасалған болса, онда тұрғын үй алуға кепілдік жоқ», – делінген хабарламада. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-11
Утром19.95 ℃
Днем27.95 ℃
Вечером28.87 ℃
Ночью21.09 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра4.91 м/с
2024-09-12
Утром17.5 ℃
Днем27.18 ℃
Вечером24.35 ℃
Ночью17.74 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра7.11 м/с