Оралда Mercedes көлігі ағашқа соғылып, екі адам мерт болды
Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы, яғни «ЖҚЕ бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

БҚО полиция департаментінің хабарлауынша, Деркөл ауылында Даль көшесінде Mercedes көлігін тізгіндеген 29 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылған. Апат салдарынан жүргізуші мен 58 жастағы жолаушы оқиға орнында жан тапсырды.
«33 жастағы тағы бір жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды, — деп түсіндірді құзырлы ведомство.
