БҚО 29 адам бруцеллезге шалдыққан

Батыс Қазақстан облысында бруцеллез ауруы жиілеген. Жыл басынан бері 29 адам қауіпті кеселге шалдыққан.

«ОА» мұрағатынан

Аурудың малдан жұғатынын айтқан мамандар ауылдағы ағайынға барынша сақ болуды ескертеді. Өйткені уақытылы емделмеген сырқат созылмалы дертке айналып, науқастың мүгедек болып қалуы да ықтимал. Өкініштісі, эпидахуал өзге өңірлерде де мәз емес. 

Еркін КАРИН, ТІЛШІ:

Бүгінде бруцеллез облыс орталығы мен бес ауданда тіркелген. Бір қиыны аурудың белгісі бірден білінбейді. Сондықтан қызуы көтеріліп, буыны сырқырағанына мән бермегендердің ұзақ жүріп қалуы мүмкін. Ал уақытылы емделмей, асқынған дерт адамды мүгедек қылып тынады.

Гүлмира КАЖУШЕВА, БҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Адамдардың қан сарысуын тексерген кезде бруцелла мелеценза қоздырғышы анықталып отыр. Біздің мамандармен, аудандық, қалалық мамандармен жаңағы ошаққа барып, ветеринарлық мамандармен бірігіп, ошақтарды тексеріп, онда анықталған 89 тұлғалар анықталды. Оның ішінде зейнеткерлер де бар, оқушылар да бар, кітапханашы, ауыл тұрғындары қарапайым.

Мамандар сарыптың сиремеуін ауылдықтардың қарапайым тазалық шараларын сақтамауымен байланыстырады. Өйткені бұл ауру адамға малдан жұғады. Сондықтан қораға кірерде бөлек киім киіп, уақытылы ауыстырған да артық етпейді. Төрт түлікті жыл сайын тексертіп, төлінің өлі туғанын көрсе, мамандарға хабарлауы керек. Ал мал дәрігерінің рұқсатынсыз ет пен сүтті сатуға болмайды.

Еркін КАРИН, ТІЛШІ:

Дегенмен мамандар өңірдегі эпидахуалды өткен жылдармен салыстырғанда қалыпты деп бағалайды. Аурудың алдын алудың жалғыз амалы вакцина екенін айтады. Жыл басынан бері 49 адам қызылша жұқтырған. Оның жартысынан астамы кішкентай балалар. Әрі дені екпе алмаған. Қазір ауруханада емделіп жатыр.

Дереккөз: Аstanatv

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Батыс Қазақстанда мыңға жуық мүйізді ірі қара бруцеллезге шалдыққан

БҚО тұрғындары арасында бруцеллездің 9 жағдайы тіркелген

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-05
Утром2.22 ℃
Днем10.54 ℃
Вечером6.89 ℃
Ночью4.06 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра5.09 м/с
2026-10-06
Утром0.36 ℃
Днем11.64 ℃
Вечером12.6 ℃
Ночью10.54 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра3.96 м/с