БҚО-да аяз күтілуде
Республиканың батысында жауын-шашынсыз ашық ауа-райы сақталады.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, екінші қазан күні түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде аяз күтіледі. Ауа температурасы бір градусқа дейін төмендейді.
Орал қаласында ауыспалы бұлттылық күтілуде. Күндізгі уақытта ауа температурасы +18 …+ 20 градус болады, түнде +3…+5 градусқа дейін салқындайды. Жел секундына 10 метрге дейін жетеді.
Синоптиктердің болжамы бойынша, республикамыздың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады деп күтіледі.
«Қазақстанның басым бөлігіне антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс өңірлерде, еліміздің орталығында атмосфералық бөліктердің жүруіне байланысты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республикамыз бойынша тұман көрініс тауып, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде, күндіз еліміздің орталығында екпінді жел тұрып, күндіз орталықта бұршақ жауады деп күтіледі»,- деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Абай облысының батысында топырақ беті қатып, сынап бағаны 1-2 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп болжанады.
