Оралда 700-ге жуық көше сатушылары заңсыз жауапқа тартылған
683 хаттама Орал қаласы прокуратурасының шаралары бойынша тоқтатылды.

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында көше сатушыларына салынған 683 Әкімшілік хаттаманың күші жойылды, деп хабарлайды БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.
2023 жылдың 23 сәуірі мен 13 қыркүйегі аралығында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 204-бабының 1 және 2-бөліктері бойынша полиция қызметкерлері жасаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы 683 хаттама (белгіленбеген жерлерде сауда жасау) Орал қаласы прокуратурасының шаралары бойынша тоқтатылды.
Нормативтік-құқықтық актілерді зерделеу барысында Орал қаласының әкімдігі қала аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекітпегені анықталды, бұл өз кезегінде 683 адамды әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тартуға әкеп соқтырды.
Орал қаласының прокуратурасы қабылдаған шаралардың нәтижесінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар тоқтатылды, сол арқылы 683 азаматтың құқықтары қорғалды.