БҚО-да жаңадан салынған жол жыл өтпей, қайта бүлініп жатыр

Батыс Қазақстан облысының шалғай ауданына салынған жаңа жол жыл өтпей, қайта бүлініп жатыр. Жауапты мердігер бұған басқа компанияны кінәлайды. Яғни, көрші ауылға жол салып жатқан кәсіпорынның ауыр техникасы асфальтты езіп, бүлдіріп жатқанын айтады.

Еркін КАРИН, ТІЛШІ:

Облыстық маңыздағы «Тасқала-Аққурай-Болашақ» тас жолының 13 шақырымы биыл салынған. Бірақ жаңа жол пайдалануға берілмей жатып, дау-жанжалға түрткі болды. Өйткені салмағы 50-60 тонналық ауыр жүк көліктері мынадай арнайы тыйым белгілерін ескермей, су жаңа асфальтті бүлдіріп жатыр.

Жол салушы екі мердігердің жұмыс күні айқаймен басталады. Бірі салған жолымды бүлдірдің деп айыптаса, екіншісі мұны мойындамайды. Ал дауға түрткі болған асфальттың қалыңдығы 6 сантиметрден аспайды. Жоба бойынша қойылған талап осындай, арнайы техникаға есептелмеген, дейді мердігер. Енді күндіз-түні жүйткіген ауыр көліктің салмағына шыдамаған жол бүлініп жатыр. Былтыр салынған 50 шақырымның жартысынан астамын қайта жамап шыққан.

Жарас АХМЕТОВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІ:

Водительдер тыңдамайды, мекемеге сілтейді. Мекеменің бастығына сілтейді. Мекеменің бастығы управлениеге сілтейді рұқсат берілді деп. Бізде мынада осы жолға үш жыл гарантия. Үш жылдың уақытында осындай бір не болса, біз за свой счет ремонт жасау керекпіз. Енді қазір біз гарантияны снимать етеміз деп жазып жатырмыз.

Айналма жолмен жүруге ерінген жүргізушілерді жөнге салуға шенеуніктердің де шамасы келер емес. Ендігі үміт – көліктік бақылау инспекциясында.

Әлия ҚАБЕНОВА, БҚО ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Айналма жолмен жүруді біз олардан талап етіп отырмыз. Енді олар айтқанды тыңдамаса, менде қолдан келетін шара жоқ. Транспортный контрольға тағы да хат жазып көремін. Біздер өзіміз ұстай алмаймыз. Транспортный контрольмен рейдке де шықтық. Сол рейдке шыққан күні олар тасымайды. Басқа күндері тасиды. Біздер өзіміз қолма қол ұстай алмай отырмыз.

Жасұлан ЖҰМАШЕВ, БҚО БОЙЫНША КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Келісімшарттар ұйымдастырылады ғой автомобиль жолдарын салуға. Сол уақытта Қытай мемлекетінде өндірілетін үлкен ауыр салмақты көлік құралдарын мүлдем келісімшартқа қоспау туралы тиісті мемлекеттік органдарға ұсынылды. Қазіргі уақытта бұл сұрақ ашық күйінде қалып тұр. Бұл автокөлік құралдары басқа жолды салған кезде қолданылады да, сонымен басқа жолдар бұзылу фактілері орын алуы мүмкін.

Көліктік бақылау инспекциясы мердігердің шағымы бойынша жүргізген тексеру кезінде жүкті шамадан тыс тиеген бір көлікті анықтап, 300 мың теңге айыппұл салыпты. Бірақ айласын асырған мердігер инспекцияның арнайы көлігін алыстан байқап, техникасын уақытша тоқтатып қоятын болған.

Дереккөз: Аstanatv.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-15
Утром14.75 ℃
Днем21.2 ℃
Вечером19.57 ℃
Ночью16.17 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра6.15 м/с
2024-09-16
Утром15.85 ℃
Днем24.73 ℃
Вечером23.19 ℃
Ночью19.21 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра8.2 м/с