Оралда өткен сенбіде жәрмеңкенің өтпеу себебі белгілі болды
Жәрмеңкенің өптеу себебі қала әкімдігінің төмендегі жауабында берілген.
«Қала аумағында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін ұйымдастырудың мақсаты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тауарларды төмендетілген бағамен өткізу мүмкіндігін беру болып табылады. Соңғы екі жәрмеңкеде тауарлар бағасының кәдімгі базардағы баға деңгейіне дейін өсуі, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер болып табылмайтын саудагерлер санының артуы атап өтілді. Осылайша, ауылшаруашылық жәрмеңкелерін ұйымдастырудың негізгі қағидасы бұзылып, оны өткізудің орындылығы жоғалады.
Екінші өзекті мәселе-жәрмеңке аяқталғаннан кейінгі аумақтың санитарлық жағдайы. Жәрмеңкеге қатысушылардың жауапсыздығы қаланың орталық көшесінің тамақ қалдықтарымен және қатты тұрмыстық қалдықтармен ластануына әкеледі, бұл қаланың коммуналдық қызметтері тарапынан аумақты тазарту үшін қосымша ресурстарды қажет етеді.
Осыған байланысты 30.09.2023 ж.сенбіде Ихсанов көшесінде жәрмеңке өткізілмеді. Жәрмеңке келесі сенбіде 07.10.2023 жылы қайта басталады.
Қатысушылар Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыру қағидаттары мен өткізу тәртібін сақтамаған жағдайда, оларды қаланың орталық аудандарында өткізудің орындылығы қосымша қаралатын болады».
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ОҚЫҢЫЗ: «Ал, жәрмеңке жоқ»