Медициналық сақтандыруы жоқ адамды емхана қабылдамай қойса не істеу керек?

Медсақтандыру қорының өкілдері ауруханалардың науқастарға медициналық көмек көрсетуден бас тартуға хақылары жоқ екенін айтты.

Ашық дереккөзден

Қарағандыдағы қалалық емхана медициналық сақтандыруы жоқ тұрғынды қабылдаудан бас тартқан. Дәрігерлердің кеңесін ала алмай отырған азамат жағдайының күннен күнге нашарлап бара жатқанын айтты. Бар қалауы – ақ халаттылар дертіне диагноз қойып, ем жазып бергені. Ал медсақтандыру қорының өкілдері ауруханалардың науқастарға медициналық көмек көрсетуден бас тартуға хақылары жоқ екенін еске салады. Кез келген дәрігер ем іздеп келген жанға алғашқы көмек беруге міндетті.

Қарағандының 57 жастағы тұрғыны Сапар Мұқанов бірнеше жылдан бері қатты ауырып жүргенін айтады. Біраз уақыт бұрын ғана денелі болған азамат бүгінде 25 келіге жүдеп кеткен. Соңғы кездері қанда қант көбейіп, асқазан, бауыр, өкпесі жиі ауыратын болыпты. Дәрігерлер оны тексеруден бас тартқандықтан, іш-құрылыс ауруларының нақты диагнозын біле алмай отыр.

Ақ халаттылардың қабылдауына жазыла алмауына медициналық сақтандыруының жоқтығы себеп болыпты. Жұмыссыз қалған ол жекеменшік емхана мамандарына қаралуға қаржылық жағдайының жоқтығын айтады.

«Ауырып жүргеніме 4-5 жыл болды. Өзімді жаман сезінемін. Поликлиникаға барғанда дәрігерлер медициналық сақтандыруым болмағандықтан қабылдамайды. Енді не істеуім керек, қайда барамын?», – деді Сапар Мұқанов.

Медициналық сақтандыруы жоқтардың саны Қазақстан бойынша 3,5 миллион адамға жеткен. Ал МӘМС-тегілер сақтандырылмаған азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кіретін медициналық көмек барын айтады. Оның ішіне шұғыл және алғашқы медициналық көмек, созылмалы және әлеуметтік маңызы бар ауруларды және жаңа туған нәрестелермен босанған әйелдерді бақылау, сондай-ақ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету кіреді.

«Егер адам жұмысқа орналаса алмайтын немесе қандайда бір себеппен жұмыс істей алмайтын жағдай туындаса, онда МӘМС жарналарын мемлекет төлейтін азаматтардың жеңілдетілген санатына қосу мүмкіндігі бар. Ол үшін жұмыссыз ретінде тіркелу немесе атаулы әлеуемттік көмек алуды рәсімдеу қажет. Сондай-ақ, адам басқа да себептер бойынша көп балалы аналар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер немесе үш жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу санатына кіре алады», – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры заңды және жеке тұлғалармен жұмыс жасау департаментінің аға менеджері Ақерке Бейсембаева.

Қазір медициналық сақтандыруды төлеп отырған азаматтардың саны 16 миллионнан асқан. Биылғы жылдың 9 айында шамамен 883,6 миллиард теңге жиналған. МӘМС жүйесінің өкілдері бұл қаражат Ұлттық банктегі арнайы шотқа түсіп, одан МӘМС аясында қызмет көрсететін медицицналық ұйымдарға жіберіледі.

Дереккөз: Informburo.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-14
Утром24.38 ℃
Днем28.19 ℃
Вечером29.14 ℃
Ночью20.76 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра8.03 м/с
2025-06-15
Утром17.05 ℃
Днем17.16 ℃
Вечером16.52 ℃
Ночью15.02 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра8.18 м/с