Оралда көршілес екі тұрғынның үйінен есірткі өсімдіктері табылды

Республика аумағында “Қарасора – 2023”арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен бірлесе отырып 4 қазан күні “Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Орал қаласында тұратын 61 және 56 жастағы екі көршінің шаруашылық сарайларының бірінен 38 түп, екіншісінен 35 түп арнайы иісі бар кептірілген есірткі өсімдігін, сондай-ақ өсімдік тектес зат салынған пакет пен өсімдіктің тұқымы салып оралған қағаз орамасын және Добрыня газды тапаншасы мен 1 патрон тауып, тәркіледі. Тәркіленген заттар сараптамаға жолданды.

Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кету керек, 2023 жылдың 1 маусымы мен 31 қазаны аралығында республика аумағында есірткіні заңсыз өсіру, есірткі өсімдіктерін өсіру орындарын жою мақсатында “Қарасора – 2023”арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

“Қарасора – 2023” жедел алдын алу іс-шарасының 3 айында 130 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оның ішінде 50 дерек – есірткі қылмысы болса, ҚР ҚК-нің 296-бабына сәйкес 80 қылмыстық әрекет (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) анықталды.

Анықталған 50 есірткі қылмысының ішінде ҚР ҚК-нің 297-бабына сәйкес есірткіні өткізудің – 9 дерегі, есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтау – 10, ҚР ҚК-нің 300-бабына сәйкес құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсірудің 26 дерегі және 3 есірткі контрабандасы анықталды.

Ақпарат көзі:Polisia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-11
Утром6.84 ℃
Днем10.59 ℃
Вечером8.99 ℃
Ночью7.99 ℃
Влажность61 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра8.02 м/с
2026-04-12
Утром8.42 ℃
Днем14.24 ℃
Вечером16.77 ℃
Ночью13.8 ℃
Влажность75 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра7.16 м/с