Қазақстанда 1,3 млн әйелдің мүлдем зейнетақы аударымдары жоқ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еліміздегі әйелдердің жұмыспен қамтылу статистикасын жариялады.

Көрнекі сурет

Ведомство мәліметінше, бүгінде елімізде жұмыс күші құрамында 4,6 млн әйел кісі еңбек етсе, оның 4,4 млн-ы (95%) экономиканың түрлі салаларында жұмыс істейді. Ал жұмыспен қамтылған әйелдердің 64%-ы қалаларда тұрады. Электрондық еңбек шарттары бойынша талдау көрсеткендей, басшылық қызметтегі әйелдердің үлесі 41%-ды құрап отыр.

«Қазіргі уақытта Отбасының цифрлық картасының мүмкіндіктерін кеңінен қолданудамыз, оның деректері бойынша 2,8 млн әйел ресми түрде жұмыс істейді. Олар үшін міндетті зейнетақы жарналары аударылуда. Сонымен қатар, 1 млн-нан астам әйел ауылдық жерлерде тұрады. Ақпараттық технологиялар саласында 46,5 мыңға жуық әйел азаматы жұмыс істейді, оның 39 мыңы – қала тұрғындары. Олардың компаниялардағы қызметтеріне қатысты: 11% – басшылар; 30% – мамандар; 59% – техниктер мен көмекші персонал», – деді министр Светлана Жақыпова.

Сондай-ақ, жұмыспен қамтылмаған, зейнетақы аударымдары жоқ, оқу орнында оқып жатпаған және декреттік демалысқа шықпаған әйелдер бойынша талдау жұмыстары жүргізілген.

«Осы санаттағы 1 млн 295 мың әйелді анықтадық. Біз өңірлердегі жағдайдан хабардармыз және ОЦК мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қажетті ақпаратты SMS арқылы жолдап, нақты қолдау шараларын ұсынамыз. Бұл жұмыс жүзеге асырылуда. Оның нәтижесінде 8,2 мың қазақстандық жастарды жұмысқа орналастырдық», – деді ведомство басшысы.

«1 қазандағы жағдай бойынша 3415 әйел 1,3 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант алды. Олардың 68%-ы тауарлар мен қызметтерді өндіруге қажетті технологиялық жабдықтарды және керек-жарақтарды сатып алды, ал 29%-ы төрт түлік мал сатып алып, мал шаруашылығымен айналысуда. 35 жасқа дейінгі 2206 әйел жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық жеңілдетілген микрокредит алды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. 2024 жылы оқыту бағдарламасын өзектендіруді жоспарлап отырмыз және оның аясында әйелдер кәсіпкерлігі модулін пысықтайтын боламыз», – деп түйіндеді Светлана Жақыпова.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-16
Утром5.28 ℃
Днем11.01 ℃
Вечером12.47 ℃
Ночью8.76 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра7.11 м/с
2026-04-17
Утром5.29 ℃
Днем13.33 ℃
Вечером14.75 ℃
Ночью9.58 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра6.01 м/с