Қазақстандықтар QR коды арқылы жұмысқа орналасады

Digital Bridge форумында Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Қазақстанда жұмысқа орналасу процесін жеңілдету жоспарланып жатқанын айтты. Оның сөзінше, алдағы уақытта еңбек шартына қол қою QR арқылы жүзеге асатын болады.

«Анықтама қағазынсыз жұмысқа орналасуға мүмкіндік болады. Жұмысқа өтініш білдіргендер әдетте анықтама қағазын электронды форматта болса да жүктеп алып, кадр бөліміне апаруы керек. Біз еңбек шартына қол қойып, бір ғана QR арқылы жұмысқа орналасуға мүмкіндігін жасап жатырмыз. Бүгін бұл жобаны президентке көрсеттік», — деді министр Бағдат Мусин.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы Digital Bridge форумында сөйлеген сөзінде Қазақстанда жасанды интеллектпен мамандандырылған data-орталықтарының құрылысын қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Ал Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Мемлекет басшысына екінші деңгейлі жекелеген банктер мен басқа да компаниялар өз платформалары арқылы азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік беретінін баяндады.

Сондай-ақ бүгін мемлекет басшысына денсаулық сақтау саласын цифрландыру, соның ішінде «QR арқылы дәрігердің қабылдауына жазылу қызметін растау» (eGovmobile-дағы eДенсаулық) жобалары таныстырылды. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-20
Утром16.83 ℃
Днем27.23 ℃
Вечером29.95 ℃
Ночью18.48 ℃
Влажность21 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра6.76 м/с
2026-05-21
Утром17.87 ℃
Днем24.87 ℃
Вечером24.16 ℃
Ночью17.7 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра9.04 м/с