Оралда үш жасар бала балабақшада сорпаға күйіп қалды: бала жансақтау бөлімінде жатыр

Орал қаласында 10 қазан күні қаладағы балабақшалардың бірінде 3 жасар қыз ыстық сорпаға күйіп қалғанын жазған болатынбыз.

Фото: pixabay

Оқиға «Балбөбек» балабақшасында болған. Зардап шеккен баланың анасының айтуынша, ол оқиға туралы балабақшадан келген қоңыраудан кейін білген. Әйел тергеу жүргізіп, барлық кінәлілерді жазалауды талап етеді.

«Қызымның беті, қолы, аяғы, жамбасы күйіп қалды. Денесінде үлкен жаралар пайда болды! Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Балабақшаның бүкіл басшылығы мен аспаздары балаларды күйдіргені үшін жазаланса екен деймін. Қазір қызым жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр»,- дейді әйел әлеуметтік желіде.

Қыздың анасы мұғалімдер мен күтушілер қайда болды, олар баланың сорпаға күйіп қалуына қалай жол берді және неге сорпа сонша ыстық болды, деп таң қалды.

«Жедел жәрдем станциясына сағат 12:33-те қоңырау түсті. Мұғалімдер баланың байқаусызда үстіне қайнаған сорпаны төгіп алғанын хабарлады. Үш жасар қыздың басы, кеудесі, аяғының жоғарғы және төменгі жағы термиялық күйік алған. Ол қазір облыстық көпсалалы балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр, медицина қызметкерлері оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр»,- деп түсіндірді Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Облыстық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы «Балалардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеуді басталғанын хабарлады.

Қалалық білім басқармасы өрескел заңбұзушылыққа жол берген мұғалім мен күтуші жұмыстан босатылатынын, мекеме басшысының міндетін атқарушыға қатаң сөгіс берілетінін қосты.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-07
Утром-10.65 ℃
Днем-5.56 ℃
Вечером-9.71 ℃
Ночью-10.75 ℃
Влажность66 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра5.56 м/с
2025-02-08
Утром-11.91 ℃
Днем-7.59 ℃
Вечером-9.27 ℃
Ночью-10.58 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра4.44 м/с