Мектеп әжетханасында дәретхана қағазының болуы министр бұйрығымен бекітіледі

Ата-аналардан әжетханада қағаздың және кабиналарда есіктің болмауына қатысты көп шағым түскен.

Көрнекі сурет

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемологиялық бақылау комитеті мектеп әжетханаларына қойылатын бірқатар жаңа талапты заңмен бекітуді жоспарлап отыр.

Бұл талаптар ата-аналардың түскен арыз-шағымдардың негізінде және премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың тапсырмасына орай енгізілмек.

Атап айтқанда, енді мектеп әжетханасында дәретхана қағазы мен оған арналған ұстағыштың болуы, сондай-ақ әжетхана кабиналарында есіктің болуы міндеттеледі. 

Санитариялық-эпидемологиялық бақылау комитетінің түсіндіруінше, бұл талаптар жаңа емес, бірақ бұрынғы талаптарды нақтылау мақсатында әзірленген. Оларды әзірлеуде ДДСҰ елдерінің санитариясы мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтарының талаптары ескерілген. 

Сәйкесінше, бұған дейін «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында нақты талаптар болмағандықтан, көптеген мектепте дәретханада әжетхана қағазы қойылмай келген.

Ашық НҚА порталында құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 27 қазанға дейін. 

Дереккөз: Informburo.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-09-05
Утром19.08 ℃
Днем23.72 ℃
Вечером21.65 ℃
Ночью16.99 ℃
Влажность25 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.84 м/с
2026-09-06
Утром17.73 ℃
Днем29.78 ℃
Вечером28.64 ℃
Ночью19.68 ℃
Влажность30 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра8.47 м/с