Орал халықаралық әуежайында жөндеу жұмыстары мәресіне жетті

Жөндеу аясында жермен жүру жолында асфальтбетон жабынының екі жаңа қабаты салынды.

«ОА» мұрағатынан

Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайында 8-13 қазан аралығында жүргізілген жөндеу жұмыстары аяқталды.

«Орал халықаралық әуежайы» ЖШС баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ұшақтардың жермен жүретін жолы реттелді.

«Негізгі жұмыстарды жүргізу кезінде 8 және 9 қазан күндері әуежай уақытша жабылды. Жөндеу бүгін біткенімен, 10 қазаннан бері әуе кемелерін қабылдау және шығару қызметі штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр. Жөндеу аясында жермен жүру жолында асфальтбетон жабынының екі жаңа қабаты салынды. Бұл жұмыстарды І санаттағы құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыруға лицензиясы және жол құрылысы саласында үлкен тәжірибесі бар «Адал Арна» ЖШС құрылыс компаниясы атқарды. Қазіргі уақытта әуежай перронды толық қайта құру бойынша жобалық құжаттаманы дайындаумен айналысып жатыр. Әуе айлақ жабындарын қайта жаңарту Орал әуежайында әуе кемелеріне қызмет көрсету бойынша ағымдағы шектеулерді алып тастауға мүмкіндік береді», — деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал әуежайы жөндеуге жабылатынын жазған болатынбыз.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-09-13
Утром11.97 ℃
Днем20.7 ℃
Вечером19.03 ℃
Ночью17.74 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра4.37 м/с
2026-09-14
Утром14.95 ℃
Днем19.65 ℃
Вечером20.04 ℃
Ночью17.24 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра4.15 м/с