БҚО-да полицейден ақбөкен мүйізі табылды
Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Желіде пайда болған ақпаратты БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. 13 қазанда Казталовка кентінде учаскелік полиция бөлімінің үйі мен шаруашылық құрылысын тінту кезінде 13 мүйіз табылды. Болжам бойынша, ақбөкендікі.
ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша «Сирек кездесетін жануарларға, олардың бөліктеріне немесе дериваттарына заңсыз қарау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.
Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жариялауға жатпайды.
