БҚО білім беру ұйымдарынында жалпы сомасы 131 млн астам бюджет қаражатын жымқыру анықталды
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Сабуров жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру барысында студеттермен өткен кездесуде айтты.

БҚО-ның бірнеше білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды, деп хабарлады өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Әділхан Сабуров.
БҚО-ның үш мектебі лицензиясыз жұмыс істеген. Сонымен қатар, бір балабақша рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеп келген.
Төрт білім беру ұйымы лицензиясыз жұмыс істегені анықталды. Бұл Тасқала ауданындағы «Ынтымақ» бастауыш мектебі, Бәйтерек ауданындағы Жамбыл жалпы орта мектебі», осы аудандағы Озерное жалпы орта мектебі. Оралдағы №18 «кешен» мектеп-бөбекжай-балабақшасы.
Лицензиясыз мектептер екі жыл бойы Негізгі және жалпы орта білім туралы сертификаттар берген.
Мониторинг сонымен қатар ротациялауға жататын білім беру ұйымдарының 13 басшысының одан өтпегенін көрсетті.
Сонымен қатар өңірдегі сыртқы талдау барысындағы білім беру қызметін білім беру қызметін жүзеге асыруда; бірінші басшыларды ротациялауда; жұмысқа қабылдалдауда; нормативтік оқу жүктемесін бөлуде; мемлекеттік қызметтер көрсету кездеріндегі жемқорлық тәуекелдерді анықталған.