Мұнайдың үстінде отырған Қазақстан бензин импортын 101 есе ұлғайтты

Мұндай ақпаратты Бірінші кредиттік бюроның сарапшылары жариялады. Олардың дерегінше, 2023 жылы Қазақстанға 6 мың тоннадан астам АИ-95 маркалы бензин жеткізілген.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Биылғы жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Қазақстанға 6087 тонна отын әкелінді. 2022 жылдың дәл осы кезеңінде 60,4 тонна бензин импортталған.

«2021 жылдың сәйкес кезеңінде импорт болған жоқ, ал 2020 жылы елге жүздеген тонна отын жеткізілді. 2018 жылға дейін жағдай мүлдем басқаша болғанын атап өткен жөн: шетелден ондаған мың тонна әкелінді, бірақ ішкі өндіріс те аз болды. Биылғы жағдайға оралайық. Импорт жаздан бастап жанданды: шілде-тамыз айларындағы жеткізілім көлемі 2023 жылғы жалпы импорт көлемнің 65%-ын құрады. Дәл сол кезде билік Шымкент МӨЗ-дегі жөндеу және Атырау зауытындағы апатқа байланысты тапшылық туралы айта бастады. Көп ұзамай Энергетика министрлігі Ресей Федерациясынан АИ-95 – ті «бір реттік акция» түрінде әкелуге ниетті екенін мәлімдеді», – делінген басылымда.

Алайда, импортты ұлғайту жоспарланып отырғаны белгілі болды, өйткені Атырауға МӨЗ күрделі жөндеуге жабылды.

Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, Шымкент МӨЗ қазір АИ-95 маркалы бензинді өзінің қуатынан 50 пайыз кем өндіріп отыр. Ол қараша айында Шымкенттегі зауыт толық қуатта өнідіріске кірісетініне сендірді.

Бұдан бұрын Сәтқалиев Қазақстан Қытай мен Түркіменстаннан жанармай импорттауы мүмкін екенін мәлімдеген.

Сондай-ақ, АИ-95 бензинінің қымбаттауына қатысты мәлімдеме жасаған энергетика министрлігі жанармайдың бұл түрінің құнын мемлекет реттемейтінін, сондықтан баға нарықтағы сұраныс пен ұсыныс негізінде айқындалатынын айтқан.

Сәтқалиев Ресейден жеткізілетін жанармай қымбаттаса, ішкі нарықта баға өсуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

Дереккөз: Ulysmedia.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Атырау мұнай өңдеу зауыты бір айға жөндеуге жабылады – бензин бағасы өзгере ме

Қазақстанда бензин мен автогаз қанша күнге жетеді

Ресей импортына тәуелдіміз: Қазақстанда АИ-95 бензинінің қоры неше күнге жетеді

Қазақстанда АИ-95 маркалы бензин тапшы

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-14
Утром23.79 ℃
Днем27.57 ℃
Вечером29.14 ℃
Ночью20.76 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра8.03 м/с
2025-06-15
Утром17.05 ℃
Днем17.16 ℃
Вечером16.52 ℃
Ночью15.02 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра8.18 м/с