БҚО-да жұмыссыздар көбейген

Қазақстанның экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары Лондондағы әріптестерімен бірлесіп жұмыспен қамту мәртебесін және оның халықтың әл-ауқатына әсерін бағалау үшін зерттеу жүргізді.

«Зерттеу аясында аймақтық әл-ауқат индексі жасалды. Халықтың еңбек нарығының статистикалық көрсеткіштерін талдай отырып, жұмыссыздық проблемасы 20 өңірдің 8-інде: Түркістан, Маңғыстау, Жетісу, Абай, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында аса өткір екені атап өтілді»,-делінген басылымда.

Жастар жұмыссыздығы проблемасы 7 өңірде: Алматы және Астана қалалары, Қарағанды, Жетісу, Ұлытау, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында ушығып тұрғаны анықталды.

«Еңбек нарығына қатысты өте маңызды мәселе – NEET жастарының үлесі, бұл көрсеткішті төмендету өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығының маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Мәселен, Ұлытау облысында NEET жастарының үлесі өте жоғары, ал Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында көрсеткіш айтарлықтай жоғары», – делінген зерттеуде.

Ресми статистика бойынша елімізде жұмыссыздық деңгейі 4,7% – жұмыссыздар саны 452,6 мың адам.

Қазақстанда шілдеде жұмыс іздеушілер саны маусым айымен салыстырғанда 38,8 мыңға (+71%) өскен. Сондай-ақ, шілде айында 53,8 мың қазақстандық жұмысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алған. Бұл бір ай бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,1%-ға артық, ал бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 96,4%-ға көп.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-09
Утром19.76 ℃
Днем30.64 ℃
Вечером32.33 ℃
Ночью29.27 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра2.53 м/с
2025-07-10
Утром22.98 ℃
Днем32.37 ℃
Вечером33.77 ℃
Ночью26.79 ℃
Влажность30 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра3.93 м/с