БҚО-да жасөспірім анасын өлтірді деп күдіктелуде
Алдын ала ақпарат бойынша, жас жігіт лудоманиямен ауырған.

«МГ» редакциясына 18 қазанда Шыңғырлау ауданының, Шыңғырлау ауылында қайғылы жағдай орын алғаны туралы ақпарат келіп түскен. Алдын ала ақпарат бойынша, 16 жастағы жасөспірім 56 жастағы өз анасын өлтірді деп күдікке ілінді.
Денсаулық сақтау басқармасы әйелдің қайтыс болғанын және дәрігерлер оның өлімін тіркегенін айтты.
БҚО полиция департаментінің мәліметінше, кісі өлтірді деген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайтынын айтты.
Ауыл әкімдігі отбасының тыныш болғанын және есепте тұрмағанын хабарлады.
