Қазақстанда «жалақыға дейін» деп берілетін несиелерге тыйым салынбақ

Мәжілісте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова 21 жасқа толмаған азаматтарға ресми кірісі болған жағдайда ғана несие беруді ұсынды. Сонымен қатар «жалақыға дейін» деп берілетін шағын несиелерді толығымен алып тастау ұсынылды.

Көрнекі сурет

Мәдина Әбілқасымова қазақстандықтардың борышын төмендету үшін қандай шаралар ұсынылып жатқанын айтты.

«Агенттік 90 күннен астам мерзімі өткен несиесі бар азаматтарға кепілсіз тұтынушы несиесін беруге тыйым салуды көздейтін заңнамалық түзетулерді әзірледі. Қазір мұндай шектеу тек кірісі ең төменгі деңгейдегілерге қатысты. Сонымен қатар жастар арасындағы проблемалы қарыздың өсуі аясында 21 жасқа толмаған азаматтарға несие беру олардың ресми кірісі болған жағдайда ғана жүзеге асады деген талапты енгізу ұсынылады», — деді ол.

Ол сонымен қатар онлайн микронесие сегментінің шамадан тыс өсуін шектеу қажет екенін айтты.

«297 мың адамның 37 миллиард теңге көлемінде проблемалы онлайн шағын несиесі бар. Мұндай онлайн шағын несиелер немесе «Жалақыға дейін» деп аталатын несиелер қашықтан беріледі. Көбіне қарыз алушының жеке басын сәйкестендірмей және оның төлем қабілетін тексермей-ақ беріледі», — деді Мәдина Әбілқасымова.

Қазақстанда 254 микроқаржы ұйымының 50-і несиені онлайн береді.

Осыған байланысты департамент 45 күнге дейінгі мерзімге және 50 АЕК-ке дейінгі мөлшердегі шағын несиенің ерекше түрін толығымен алып тастауды ұсынып отыр. Оның айтуынша, онлайн несие беру компаниялары жұмысын жалғастыра алады, бірақ барлық микрокредит ұйымдары үшін белгіленген бірыңғай мөлшерлеме бойынша кез келген мерзімге шағын несие береді.

Бұған дейін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова тұтынушы несиесінің шекті сомасына шектеу енгізуді ұсынған еді.

Дереккөз: Zakon.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-20
Утром17.41 ℃
Днем26.39 ℃
Вечером24.16 ℃
Ночью22.33 ℃
Влажность55 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра7.39 м/с
2026-07-21
Утром18.82 ℃
Днем28.64 ℃
Вечером29.37 ℃
Ночью22.86 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра6.53 м/с