Жеке деректер тарап кеткен жағдайда не істейді? Ақпараттық қауіпсіздік комитеті арнайы ұсыныстар берді

Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті дербес деректер тараған жағдайда қандай амалдар жасауға болатынын мәлімдеді.

Өз деректеріңізді қорғау және жағымсыз салдардың алдын алу үшін дербес деректер тарап кеткен жағдайда жазбаша немесе e-Otinish арқылы ақпараттық қауіпсіздік комитетіне хабарласу ұсынылады.

Құқықтары бұзылған Дербес деректер субъектілері әкімшілік іс қозғау мәселесін қарау үшін e-Otinish арқылы ақпараттық қауіпсіздік комитетіне жүгіне алады. Анонимді және жеткілікті деректері жоқ өтініштер қаралмайды.

Өтініш беру үшін бұзушылық фактісін растайтын материалдарды ұсыну қажет:

  • Өтініш берушінің аты-жөні, байланыстары;
  • бұзушылыққа жол берілген жағдайдың сипаттамасы;
  • бұзушылықты жасау кезеңі мен мерзімдері;
  • бұзушылықты растайтын сенімді материалдар;
  • бұзушылыққа жол берген тұлға / ұйымның атауы.

Бұдан әрі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралғаннан кейін дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті орган қолданыстағы заңнамаға сәйкес іс бойынша әкімшілік жаза қолдану немесе іс жүргізуді тоқтату туралы шешім шығарады және өтініш берушіні қабылданған шаралар туралы хабардар етеді.

ҚР Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін 10-нан 1000 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұл қарастырылғанын еске саламыз. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру туралы Заңын және заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік («әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 79 және 641-баптары), сондай-ақ жеке өмірге және Заңға қол сұғылмаушылықты бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабы) көзделген.

Дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті орган Сіздің құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, әлеуметтік желілерде тарап кету туралы ақпаратты таратпай, ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі құзыретті орган — Комитетке тікелей жүгінуді қатаң түрде ұсынады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-10
Утром-14.62 ℃
Днем-14.98 ℃
Вечером-13.01 ℃
Ночью-18.48 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра7.17 м/с
2026-02-11
Утром-23.83 ℃
Днем-15.06 ℃
Вечером-20.06 ℃
Ночью-21.96 ℃
Влажность90 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра3.15 м/с