Қазақстанда «су дипломатиясы» мамандығы пайда болады

Су ресурстары министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасына жаңа мамандықтарды енгізуді ұсынып отыр.

«ОА» мұрағатынан

Су ресурстары және ирригация министрлігі халықаралық серіктестермен бірлесіп отандық жоғары оқу орындарында жаңа «Су дипломатиясы» мамандығын енгізуді жоспарлап отыр.

Министрлік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының қолданыстағы жіктеуішіне түзетулер енгізіп, бірқатар мамандықты қосуды ұсынды.

Олар:

  • «Гидротехникалық құрылыс және нысандар»,
  • «Мелиорация және суармалы егіншілік»,
  • «Елдімекендерді сумен жабдықтау және су бұру»,
  • «Су ресурстарын басқару»,
  • «Гидротехникалық мелиорация»,
  • «Су шаруашылығындағы технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару»,
  • «Инновациялық технологиялар және оларды су шаруашылығында пайдалану»,
  • «Ирригациялық жүйелердегі гидроэнергетикалық нысандар»,
  • «Гидромелиорациялық жұмыстарды механикаландыру»,
  • «Су шаруашылығы экономикасы».

Ведомство ақпаратынша, дәл осы мамандықтарды магистратура және докторантура бағдарламаларына да қосу ұсынылады. Ал бейінді жоғары оқу орындарының студенттері гидротехникалық құрылыстардың барлық түрі бар министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарында өндірістік практикадан өтеді деп жоспарлануда.

«Сондай-ақ, министрлік қазақстандық студенттерді су саласы мамандықтары бойынша жақын және алыс шет елдердің жоғары оқу орындарында оқыту үшін грант бөлу мәселесін де қарауға ниетті. Бұдан бөлек, су шаруашылығы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталықтары ұйымдастырылады. Ал халықаралық серіктестермен бірлесіп жоғары оқу орындарында жаңадан «Су дипломатиясы» мамандығын енгізу жоспарлануда», — деп хабарлады су ресурстары министрлігі.

Сондай-ақ су шаруашылығы мамандарының жалақысын көтеру мәселесі де назардан тыс қалмайды, деп атап өтті ведомстводағылар.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-14
Утром-6.35 ℃
Днем-8.3 ℃
Вечером-9.82 ℃
Ночью-8.59 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 995
Скорость ветра12.27 м/с
2025-12-15
Утром-8.91 ℃
Днем-8.16 ℃
Вечером-8.61 ℃
Ночью-10.07 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.32 м/с