Оралда жергілікті нарықта баламасы жоқ зауыт ашылды

Зауытта өндірілетін қапшықтар дәнді-дақыл мен минералды тыңайтқыш түрлерін, тұз және цемент салуға қолайлы.

Оралдағы биг-бэг өндірісі. Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі 

Оралда жергілікті нарықта баламасы жоқ өндіріс орны ашылды. Жаңа зауытта түрлі жүк салуға арналған биг-бэг дайындалады, деп хабарлады Хабар 24.

Тауар еліміздің біраз өңірімен қатар, шетелге де сатылмақ. Жұмысқа жергілікті тұрғындар қабылданып жатыр. Республика күні қарсаңында зауыт салтанатты түрде іске қосылды.

Зауытта өндірілетін қапшықтар дәнді-дақыл мен минералды тыңайтқыш түрлерін, тұз және цемент салуға қолайлы. Нарықта мұндай тауарға сұраныс толастамайды. Өндіріс орнында жылына 5 млн астам биг-бэг және 60 мың вагон жабындысы жасалады екен.

«Өнімнің басым бөлігі батыс елдеріне экспортқа шығарылады. Міне, мына жерде Белгияға жіберілетін тауар жиынтығы дайын тұр. Ал шикізатты отандық кәсіпорындардан да, көрші елден де алып жатырмыз. Жобаға 3 млн доллар жұмсадық», — дейді зауыт директоры Герман Медведев.

Өндіріс орнында 100-ден астамжұмыс орныашылды. Әзірге 30 шақты адам еңбек етіп жатыр. Компания оларды кәсіби мамандардың көмегімен арнайы оқытқан.

«Үйретті. Мәскеуге барып, 10 күн оқып келдік. Содан осында келіп отырып, тігіп жатырмыз. Бұған дейін вахтада жұмыс істедім. Қазір жұмысым үйдің қасында», — дейді тігінші Серік Хабибуллин.

Биыл облыстың негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 430 млрд теңге болды. Былтырмен салыстырғанда 27 пайызға артқан.

«Тұрып қалған механикалық зауыттың ғимаратындабүгін жақсы өндіріс ашылып жатыр. Осы жоба тек БҚО үшін емес, еліміздің дамуына үлкен әсерін тигізеді», — деп атапөтті облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

Әкімдік өкілдері жыл соңына дейін инвестиция көлемін 600 млрд теңгеге жеткізу көзделгенін айтады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-14
Утром-6.35 ℃
Днем-8.3 ℃
Вечером-10.01 ℃
Ночью-9.19 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 995
Скорость ветра12.27 м/с
2025-12-15
Утром-9.05 ℃
Днем-8.12 ℃
Вечером-9.07 ℃
Ночью-10.24 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра8.94 м/с