Жаппай ұстап жатыр: Қазақстанда «митинг» қалай өтуде

Сәрсенбі, 25 қазанда Алматыда билік экстремистік деп таныған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы белсенділерінің митингі өтуі керек еді. Олар жиналуы тиіс орынға Ulysmedia.kz тілшісі де барды.

Фото: Ulysmedia.kz

Әдетте, биліктің әрекетіне наразылар Алматы әкімдігі алдындағы алаңға жиналатын. Мұнда таңертеңнен бастап полиция периметрі бойынша кезекшілікте болды, ал ескерткіш жанында жасақ тұрды. Алайда шеруге шыққан белсенділер байқалмады.

Одан әрі Алматы қаласының орталық мәдениет және демалыс саябағының бас кіреберісіне бардық. Дәл осы жерді ҚДТ наразылық білдірушілер жиналатын орын деп жарияланған.

Айта кетейік, бүкіл саябақта және оның маңайында интернет өшірілген. Әлеуметтік желілер де, браузерлер де қол жетімді емес.

Саябақтың аумағында полиция жасақтары қаптап жүр, ал негізгі кіре берісте 20 шақты формалы офицер және одан да көп азаматтық киімдегі полиция қызметкерлері бар.

Олар кейбір жолаушылардан құжаттары мен келу мақсатын сұрап жатыр. Адамдардың жаңа ғана серуендеуге келгеніне көз жеткізген полиция оларды жіберуде. Алайда түске таман тұтқындау шаралары басталды.

Нақтылай айиқанда, полиция қызметкерлері бірнеше ер адамды ұстады, кейін оларды патрульдік «ГАЗель» көлігіне отырғызып, алып кетті. Полицейлер адамдардың неліктен ұсталғаны туралы сұрақтарға жауап бермеді.

Қазақстандықтардың митингіге шығуына не кедергі болғанын – құқық қорғау органдарының ескертулері ме, әлде ұйымдастырушылардың сенімсіздігі ме, әлі түсіну қиын.

Алайда, Республика күні өңірлер салыстырмалы түрде тыныш.

Ulysmedia.kz сайтының тілшілері жиналатын орын деп аталған алаңда полиция кезекшілік етіп жатқанын, алайда митинг өткізуге ниет білдіргендердің жоқтығын мәлімдеді.

Атырауда күн суық болғандықтан, көшелерде жүргіншілер аз, соған қарамастан тәртіп сақшылары Махамбет алаңын табандылықпен күзетіп отыр. Осыған қарамастан мұнда адамдарға серуендеуге тыйым салынбаған.

Таразда халық Республика күнін президент саябағында тойлады, мұнда кезекші полицейлер қала тұрғындары сияқты өздерін бейбіт ұстады. Мереке ешбір оқиғасыз өтті.

Павлодарда жүздеген азамат Мемлекеттік рәміздер алаңына жиналды. Мерекелік шараны қауіпсіздік күштері мен полицейлер күзетіп, саябақ маңында Ұлттық ұланның арнайы техникасы кезекшілік етті. Қоғамдық тәртіпті бұзу туралы ресми хабарламалар түскен жоқ.

Қарағандыда орталық саябаққа кіре беріс түске дейін бос қалды. Республика күні ауа-райы өте салқын болды, ал тау-кен астанасы ешқашан экстремалды оқиға әуесқойларымен танымал болған емес.

Өскемен, Ақтау және басқа қалаларда да митинг өткізуге ықылас танытқандар болмады.

Жалпы монотонды мерекелік контекстен Орал ерекшеленеді. Бір күн бұрын мұнда бірнеше белсенді ұсталған. Журналистердің айтуынша, бүгінде өздерінің кәсіби міндеттерін орындауға ешкім кедергі келтіріп жатқан жоқ, бірақ белсенді Болат Жұрмұхамедовтің ұсталған болатын. Белсенді Болат Жармұхамедов Оралдағы орталық алаңда ұсталды. Оны мерекені, яғни Республика күнін тойлағалы келе жатқанда, ер адам велосипедіне жақындағанда полиция оны ұстап алған.

Жартысы азаматтық киім киген сегіз тәртіп сақшысы Жармұхамедовті жерге құлатып, аяқ-қолынан ұстап, полиция көлігіне қарай алып кеткен.

Исатай Өтепов, Сандуғаш Махамбетжанова, Жанат Есентай, Бекнұр Сражанов және Бекболат Өтебаевтар тұратын үйлерде де полиция қызметкерлері кезекшілікте.

Айта кетейік, қазан айының ортасынан бері Қазақстанда азаматтық белсенділерді қамауға алу кең ауқымда қолға алынуда. Республика күні қарсаңында барлығы бақылауға алынды.

Бір күн бұрын Көкшетауда белсенділер Бауыржан Балташев, Қуат Мұхамеджанов және Уәлихан Неғметов 15 тәулікке қамалды. Сондай-ақ Астанада белсенді Марат Мұсабаев босатылған күннің ертеңінде тағы да қамауға алынды. 23 қазанда Ақтөбеде белсенді Ахмет Сәрсенғалиев қамауға алынды. 20 қазанда Орал соты әлеуметтік желіде қазақстандықтарды 25 қазандағы митингке шығуға шақырған жазбасы үшін белсенді Маруа Ескендірованы 10 тәулікке қамауға алды.

Қазанның 17-сі күні ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха полицияның Республика күніне орай азаматтарға митинг өткізуге рұқсат бермейтінін айтты. Қазақстан Республикасында тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының мүшелері бұл күні наразылық акциясына шығуға шақыруда. Ал 24 қазанда Ішкі істер министрлігі Республика күні қарсаңында қауіпсіздік шараларын күшейтуді ескертті.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-09
Утром-5.64 ℃
Днем-8.01 ℃
Вечером-4.12 ℃
Ночью-5.28 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1039
Скорость ветра4.95 м/с
2025-12-10
Утром-6.15 ℃
Днем-4.47 ℃
Вечером-3.91 ℃
Ночью-4.37 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.23 м/с