Каспий теңізінің жағасынан тағы да итбалықтар мен балықтардың өлексесі табылды

Маңғыстау облысындағы Түпқараған түбегінің жағалауынан тағы да өлі итбалықтар мен бекіре тұқымдас балықтар табылды. Олар бір-екі апта бұрын өлген деген болжам бар.

Сурет: Гидробиология және экология институты

Өңірлік «Ақ Жайық» басылымы 27 қазанда Алматы қаласының Гидробиология және экология институтының қызметкерлеріне сілтеме жасап хабарлағандай, Түпқараған түбегінің жағалауына итбалық өлекселері ағып келді

Институттың ғылыми қызметкері Жазира Сыдықова жағдайды бағалау және сынамаларды алу үшін шұғыл экспедиция ұйымдастырылғанын айтты. Ғалымдар келгенге дейін 51 өлексені Баутина ауылы маңындағы полигонға апарып тастаған. Түбектен тағы да 75 бекіре балығының өлексесі табылды.

Ғалымдар өлі итбалықтар мен балықтар 10-11 қазанда солтүстік пен солтүстік-батыс желі қатты соққан кезде жағаға шықты деп болжайды. Оқиға орнына келген мамандар зерттеу үшін үлгілер алды. Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы Қаражамбас учаскесінде тағы 48 итбалық өлексесін тауып, олардың үлгілері де зерттеуге алынды.

«Екі учаскедегі итбалықтардың өлексесі қатты ыдырау сатысында болды. Мәйіттерден қаптама немесе механикалық зақымдану іздері табылмады. Өлім себебі әлі анықталған жоқ», – деді Жазира Сыдықова.

16 қазанда ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Каспий теңізінде өлген жануарлардың саны артқанын айтты. Ведомство басшысы жануарлардың өлімінің шынайы себептері туралы қосымша ақпарат беруге уәде берді.

Дереккөз: Zakon.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Каспий теңізінде итбалықтар тағы қырылып жатыр

Каспий жағалауынан тағы да итбалықтардың өлекселері табылды

Каспий жағалауында итбалықтардың жаппай қырылу себебі анықталды

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-16
Утром22.49 ℃
Днем31.74 ℃
Вечером32.83 ℃
Ночью22.85 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1003
Скорость ветра6.73 м/с
2025-07-17
Утром19.12 ℃
Днем27.52 ℃
Вечером29.53 ℃
Ночью21.51 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра5.13 м/с