13 кенші неге табылмай жатыр? Апаттық құтқару қызметінің өкілі жауап берді
Апаттық құтқару қызметі директорының орынбасары Жұмат Өкенов жарылыс орын алған кеніштегі зардап шеккен азаматтарды іздеу жұмыстарының барысымен бөлісті.

Жұмат Өкеновтың сөзінше, бұған дейін табылған 33 адамның денесі көзге көрінетін беткі жақта жатқандықтан табылған. Қалған 13 кеншіні табу қиынға түсіп тұр, олар үйінді астында қалуы да мүмкін.
“6 адамды шығардық, 11 адамды бір сағаттың көлемінде шығарамыз. Шығыс жағынан тағы адамдарды тасымалдап жатырмыз. Бұлар табылған 33 кеншінің қатарына кіреді. 13 адам мүлде табылмай жатыр. Кейбір мәйіттерді, тіпті тану мүмкін болмай жатыр. Бөлшектеніп кеткен, аяғы бір жақта, басы бір жақта. Сол себептен аты-жөндерін хабарлау әзірге қиын болып тұр.
Қазіргі кезде өрт толықтай сөндірілді. Бастапқы кезде бұл да бізге кедергі келтірген болатын”, – деді маман.
Жұмат Өкеновтың сөзінше, бұған дейін табылған 33 адамның денесі көзге көрінетін беткі жақта жатқандықтан табылған. Қалған 13 кеншіні табу қиынға түсіп тұр, олар үйінді астында қалуы да мүмкін.
Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің Республикалық орталық штабы Қарағанды филиалының директоры Геннадий Силинскийдің айтуынша, бастапқыда шахтада 48К3 Батыс лавасында 42 және 45 секциялар арасындағы қазба бекіткіштерінің артында өрт тұтанды.
Барлығы 149 секция болды. Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметі шақырылған, апатты жою жоспары енгізілген, адамдарды шахталардан шығару туралы хабарландыру жүргізілген. Алайда 7-8 минуттан кейін авариялық учаскеде жарылыс болған.
Жарылыстың күші соншалықты, батыс және шығыс блоктарындағы телекоммуникация істен шықты. Соққы толқыны 2 шақырымға созылып, тек апаттық аймақты емес, шығыс блокта орналасқан К2 лавасын да қамтыды. Осыдан кейін шахтаға адамдарды іздеуге жіберілген бірінші бөлімше жергілікті өрт ошақтары бар екенін хабарлады. Сондықтан барлық күштер әлі де құтқарылуы мүмкін адамдарды іздеуге жұмылдырылды. Біздің филиалдың құтқарушылары 5 адамды шахтадан алып шықты. Оларға алғашқы көмек көрсетіліп, медициналық мекемеге жеткізілді. Өкінішке орай, қалған шахтерлерге көмектесе алмадық. Жергілікті өрт ошақтары оқшауланды. Қазір іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр және шахтадағы газ жағдайына мониторинг жүргізілуде, — деп толықтырды Геннадий Силинский.
