Костенко шахтасындағы апаттан қаза тапқандар саны 35-ке жетті

11 кеншіні іздеу жалғасып жатыр.

Фото: ашық дереккөз

Костенко атындағы шахтада болған апаттан қаза тапқандар саны 35-ке жетті. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«29 қазан сағат 9.00-дегі ақпарат: қазіргі уақытта 35 адамның денесі табылды, олардың 29-ының денесі жер бетіне шығарылды. 11 кеншіні іздеу жалғасып жатыр. Авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушыларының 10 бөлімшесі жұмылдырылды. Газ жағдайын бақылау жалғасып жатыр», – деп жазылған хабарламада. 

28 қазан күні «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі шахтада жарылыс болды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке компаниямен инвестициялық серіктестікті тоқтатуды тапсырды.

Мемлекет басшысы 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен және туған-туыстарымен кездесіп, көңіл айтты.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-13
Утром19.87 ℃
Днем23.14 ℃
Вечером22.88 ℃
Ночью21.62 ℃
Влажность53 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.52 м/с
2026-08-14
Утром14.33 ℃
Днем22.17 ℃
Вечером20.34 ℃
Ночью14.41 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра8.32 м/с