Қазақстанда еңбек шартын онлайн режимде рәсімдеуге болады

Жаңа қызмет HR.Enbek.kz порталында қолжетімді.

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда еңбек шарттарын онлайн режиде рәсімдеу қызметі іске қосылды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Жаңа қызмет HR.Enbek.kz порталында қолжетімді. Жұмысқа тұратын адамдар еңбек шартына портал және Enbek HR мобильді қосымшасы арқылы қол қоя алады.

«Тараптар шарт талаптарымен келіскен жағдайда оған ЭЦҚ немесе QR-қолтаңба көмегімен eGov мобильдік қосымшасы арқылы қол қоюға болады. Осыдан кейін электрондық еңбек шарты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне автоматты түрде тіркеледі және жұмыс берушіге де, жұмыскерге де қарау және жүктеу үшін қолжетімді болады. Қажет болған жағдайда оның түпнұсқалығы құжатқа көрсетілген QR-кодпен расталады», – дейді вице-министр Ербол Оспанов.

Бұрын еңбек шарттары қағаз нұсқасында жасалған. Ал барлық ақпаратты кадр қызметтері еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізген. Енді жұмыс берушілер порталдың «Еңбек шарттары» бөлімінде құжаттың жобасын жасап қана қоймай, шарттың жеке файлын да жүктей алады. Сосын оны жұмыскердің жеке кабинетіне қол қоюға жіберуге болады.

Айта кетері, Enbek HR мобильді қосымшасын AppStore мен PlayMarket-тен жүктеп алуға мүмкіндік бар.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-22
Утром-11.81 ℃
Днем-8.23 ℃
Вечером-10.49 ℃
Ночью-12.64 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.02 м/с
2026-01-23
Утром-13.46 ℃
Днем-11.43 ℃
Вечером-14.95 ℃
Ночью-19.11 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.05 м/с