«Не деген бассыздық»: Алматы-Орал бағытындағы рейс бірнеше күнге кешіккен

3 күннен бері Алматыдан Оралға жете алмаған жолаушылар белді әуе компаниясының мұндай қызмет көрсетуіне наразылық білдірді. Енді жолаушылар әуе компаниядан өтемақы талап етпек, деп хабарлайды Almaty.tv арнасы. 

Almaty.tv

Телеарна мәліметінше, 27 қазанда 140-тан аса адам Алматыдан Оралға ұшып кетуі керек еді. Жолаушылардың айтуынша, алғашында белгісіз себеппен рейс кейінге шегеріледі. Кейіннен мүлдем кестеден алынып тасталған. «Мұндай жағдайда қонақ үй мен ішерге ас берілуі тиіс еді» деген жолаушылар тіпті жөнді жауап ала алмағандарына наразы.

«Әуелі ұшақ сынғанын айтты. Содан кейін Оралдың аэропорты қабылдамайтынын жеткізді. Үшінші рет ұшақ қолайсыз ауа райына байланысты ұшпайтынын айтты. Ақшаны қайтаруын талап етсек, «компанияның кінәсі емес» дейді. Сонда кім кінәлі? Үйге қалай барамыз?», – дейді жолаушы Ұлмекен Бекенова.

Телеарна ақпаратынша, әуе компаниясының жауапты өкілдері аталған жағдайға Оралдағы ауа райының қолайсыздығы себеп болғанын айтты. Оның үстіне, батыстағы әуежайда мұзды кетіретін машина істен шығыпты. Жағдай осылай болғанымен, басты мәселе – азаматтарға хабардың уақытылы келмеуі. Жолаушылар билеттерді қайтарып ала алатынын да кейін білген.

«Бүгін – үшінші күн, Алматыдан ұшып кете алмай отырмыз. Оралдың әуежайы қабылдамайды екен, бірақ ол жақтағы туыстар әуежай тиісінше жұмыс істеп тұрғанын айтты. Оралдан Алматыға келіп жатқандар да бар. Тамақ берген жоқ, жатын орын туралы тіпті, айтпай-ақ қояйын! Бұл не деген бассыздық? Бұлай қызмет көрсетуге бола ма?», – деді жолаушы Жәмилә Рашева.

Жиырмадан аса жолаушының жүгі әлі Алматыда. Авиатасымалдаушы компания оларды жақын арада жеткізіп беретінін айтты. Ал Алматыдан Оралға уақытылы жете алмағандар қымбат билеттің өтеуі арзан қызмет болғанын алға тартып, өтемақы төлеуді талап етпек.

«Жолаушыларды бірнеше күн күттірмес үшін Ақтөбе арқылы рейс ұйымдастырдық. Ол үшін біз Оралдан Ақтөбеге арнайы көлік жалдап, сол көлікпен оларды Ақтөбеге жеткіздік. Алматыдан 143 жолаушы болды. Ал Ақтөбеден Оралға ұшатын 140 жолушы болды. Қалғандарының билетін қайтардық немесе басқа күнге рейсін ауыстырдық», – деді «Air Astana» АҚ корпоративтік коммуникациялар жөніндегі менеджері Тілек Әбдірахимов. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Бүгін Орал әуежайында екі рейс кейінге қалдырылды

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-24
Утром13.93 ℃
Днем23.78 ℃
Вечером23.82 ℃
Ночью17.38 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра7.6 м/с
2025-04-25
Утром15.56 ℃
Днем17.1 ℃
Вечером19.26 ℃
Ночью14.6 ℃
Влажность60 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра4.43 м/с