Субсидия жоқ, жем қымбат: Қазақстанда 12 құс фабрикасы өз жұмысын тоқтатты

Елімізде тауық еті мен жұмыртқа шығаратын 12 құс фабрикасы өз жұмысын тоқтатқан. Бұған себеп жұмыртқаға берілетін субсидия мен құс жемінің қымбаттауы.

Осы уақытқа дейін Ресейден қосымша экспортталған өнімдер де алдағы уақытта тоқтауы мүмкін. Бұлай жалғаса берсе, сәйкесінше тауар құны да аспандайтыны сөзсіз. Ресейдің ауыл шаруашылық министрлігі жұмыртқа мен құс етін экспорттауды толықтай тоқтату туралы хабарлаған. Көршілес елдің өзінде тауардың бұл түрі де бірден қымбаттай бастапты.

Өзіміздің ішкі өнім нарықты толық қамти алмайды. Тіпті, мемлекеттен жұмыртқаға берілетін субсидиясы алынып, отандық жемнің де құны өскен. Осы орайда елімізде алты жұмыртқа өндіретін, алты тауық етін өндіретін фабрика өз жұмысын тоқтатты.

«Бүгінгі күнде жұмыртқа өндіретін құс фабрикалардың өндірісі азайып отыр. Қазан айында былтырға қарағанда 70 мың жұмыртқа аз берді. Осы айда 200 мыңдай жұмыртқа аз беріп отырмыз», – деді Қазақстан құс өндірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов.

Құс өндірушілер одағының басшысы Шығыс Қазақстан облысында қазір бірде бір фабрика жоқ екенін айтты. Ол жаққа да тауық еті мен жұмыртқасы еліміздің өзге өңірлерінен жеткізіледі.

Қазіргі уақытта дүкендердегі жұмыртқаның орташа бағасы 10 данасына 500 теңгені құрап отыр.

«Бағаны арзандатса жақсы болар еді. Ет алуға көп адамның шамасы жетпейді. Бағаны арзандату керек», – деді Алматы қаласының тұрғыны Сұлу Үйсенбаева.

Дереккөз: Informburo.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-23
Утром-13.01 ℃
Днем-13.04 ℃
Вечером-16.92 ℃
Ночью-20.49 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.31 м/с
2026-01-24
Утром-23.1 ℃
Днем-18.56 ℃
Вечером-21.68 ℃
Ночью-24.04 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.16 м/с