БҚО-да мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын уақтылы жасамаған
Мемлекетке 8 млн теңгеден астам залал келтірілген.

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласына мониторинг жүргізу аясында Чуваш орта жалпы білім беретін мектеп ғимаратына күрделі жөндеуді жұмыстарының жоспарлы мерзімдерінің бұзылғанын анықтады.
Бұл ретте тапсырыс беруші Бәйтерек ауданының білім бөлімі басшысының тарапынан тиісті жұмыстарды жүргізбестен жалпы сомасы 8 млн теңгеден астам бюджет қаражатын аударлып, нәтижесінде мемлекетке залал келтірілді.
Мектептің күрделі жөндеуді аяқтау, оқушыларды оқыту мен жан-жақты дамыту үшін лайықты жағдайлар жасау мақсатында Департаментпен жергілікті атқарушы органға ұсыныс хат жолданды.

Қазіргі уақытта мектепті күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
Енді балалар лайықты, заманауи, ең бастысы — жайлы жағдайда оқи алады. Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.
ОСЫ ТАҚЫРЫПТА ОҚЫҢЫЗ: БҚО-да мектепті күрделі жөндеу мерзімдерін бұзғаны үшін мемлекеттік органдар мен қадағалау фирмалары айыппұл салды, бірақ мердігерге емес
БҚО-ның білім беру ұйымдарында 131 млн теңгеден аса ақша ұрланған
БҚО-да шымкенттік мердігер күрделі жөндеуден кейін ауыл мектебін тапсыру мерзімін бұзды
