БҚО-да шенеунікке йога кілемшесін сыйлаған әйелге айыппұл салынды

БҚО-да йога жаттықтырушысы Маргарита Булдаковаға шенеунікке сыйлық бергені үшін 690 мың теңге айыппұл салынды.

Фото: ашық дереккөз

Оның айтуынша, сыйлық бергеніне төрт айдан астам уақыт өткен, оқиға 21 маусымда «Юность» стадионында Халықаралық йога күні атап өту кезінде болған. Іс-шараға мыңнан астам адам жиналыпты. Булдакованың айтуынша, ол марапаттау кезінде Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының сол кездегі басшысы Қаймен Есендияровқа йога кілемшесін сыйға тартқан.

Алайда төрт айдан кейін жақттықтырушыны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері шақырып, оның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағанын хабарлаған. Дәлірек айтсақ, ол мемлекеттік қызметкерге қызметтік міндеттерін атқару барысында сыйлық берген.

«Салауатты өмір салтын насихаттағаным үшін құқық бұзушы ретінде жауапқа тартыламын. Айыппұл мөлшері – 690 мың теңге. Олар 100% жазалайды, өйткені қазір ешқандай жеңілдік жоқ.

Маусымның 23-і күні облыстық спорт басқармасының басшысы Антикорға барып, сыйлықты тапсырып, менің үстімнен арыз жазғаны белгілі болды. Олар неге екені белгісіз төрт ай уақыт өткен соң, мені әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдапты. Құдайға шүкір, қылмыстық іс емес. Мұны айтып отырған себебім, сіз де мемлекеттік қызметкерге шоколад немесе гүл шоғын сыйлап, ертең ол барып сізге қарсы арыз жазатын болса, осындай жағдайға тап болуыңыз мүмкін. Ал сіз 690 мың теңге айыппұл төлейсіз», – деді Маргарита Булдакова.

Жаттықтырушы шенеунік сыйлықты сахнада қайтарып беруіне немесе сол жерде басқа біреуге сыйға тартуына болатын еді дейді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жағдайға қатысты түсініктеме берді.

— Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Қаймен Есендияров Булдаковадан йога сабағына арналған кілемше сыйлығын алды. Есендияров йога жаттықтырушысының әрекетін заңсыз деп санап, сыйлықты арнайы мемлекеттік қорға тапсырды. Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Булдаковаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, 50%-бен 345 мың теңге көлемінде айыппұлды ерікті түрде төлеу үшін күнтізбелік жеті күн берілді, — деп түсіндірді ведомствода.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-07
Утром-10.65 ℃
Днем-5.56 ℃
Вечером-9.71 ℃
Ночью-10.75 ℃
Влажность66 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра5.56 м/с
2025-02-08
Утром-11.91 ℃
Днем-7.59 ℃
Вечером-9.27 ℃
Ночью-10.58 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра4.44 м/с