МӘМС жүйесіне тіркелмеген қазақстандықтарға медициналық қызметтерді алуға тыйым салынуы мүмкін

Елімізде алдағы уақытта МӘМС төлемейтіндерге медициналық қызметтер алу кезінде шектеулер қойылуы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтты.

Вице-министр мәлімдегендей, МӘМС төлемейтіндерге дәрігерге жазылуға, белгілі бір медициналық анықталамаларды алуға шектеулер қойылуы мүмкін екендігін жеткізді. Министрлік мұндай идеяны халықаралық, соның ішінде ресейлік тәжірибеден алып отырғандығын айтты.

“Бұл тек ұсыныс ретінде жасалды. Ұсыныстар мемлекеттік органдарда, қоғамда, Парламентте талқыланады. Атап айтқанда, бұл шектеулер халықаралық тәжірибе аясында зерттелді. Германия, Нидерланд, Ресей сияқты елдерде бұл тұрғыда тиісті шектеулер қарастырылған. Сондықтан аталған елдерде азаматтардың жауапкершілігі ескерілген, оның ішінде айппұлдар да қарастырылған. Егер адамдар сақтандыру жүйесіне қосылмаса, әлем елдерінде қандай да бір қызметтерді алуға шектеу жасау тәжірибесі бар. Соның арасында жүргізуші куәлігіне қатысты мемлекеттік қызметтерді алмайды. Бізде көлік жүргізу, қару-жарақ сақтау сынды бағыттарда осындай шектеулер талқыланып жатыр. Яғни денсаулық саласы бойынша тікелей мемлекеттік қызметтер ескерілген”, – деді вице-министр сенат отырысынан кейін кулуарда тілшілерге берген сұхбатында.

Алайда ол нақты қандай медициналық қызметер екенін ашып айтпады. Бұл әзірге ұсыныс ретінде қарастырылуда.

«Қазір бұл мәселе талқыланып жатыр. Мәселе пысықталғанша күтуді ұсынамын. Медициналық қызметтерді алу, оның ішінде белгілі бір анықтамаларды алуға қатысты болуы мүмкін. Талқылау қорытындысы бойынша толығырақ айтып береміз деп ойлаймын», – деп сендірді вице-министр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-11
Утром19.95 ℃
Днем28.17 ℃
Вечером28.59 ℃
Ночью21.09 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра4.91 м/с
2024-09-12
Утром17.5 ℃
Днем27.18 ℃
Вечером24.35 ℃
Ночью17.74 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра7.11 м/с