БҚО-да із-түзсіз жоғалған ер адамның мәйіті өзен жағасынан табылды
Батыс Қазақстан облысында із-түзсіз жоғалған ер адамның мәйіті өзен жағасынан табылды, жергілікті полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр.

Батыс Қазақстан полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 4 қараша күні сағат 15:10-да Жайық өзенінің жағасынан Январцево ауылының 56 жастағы тұрғынының мәйіті табылды.
Бұған дейін ер адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде болған.
Полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын балық аулауға кеткен БҚО тұрғыны 10 күннен бері іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.