Тұрғын үйді жалға беру: 2024 жылы қандай өзгеріс болады?
Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап жалға берушілер пайдаланып келген ең қарапайым салық төлеу әдісі алынып тасталады.
Әңгіме – Бірыңғай жиынтық төлем туралы. Оның үлкен артықшылығы – жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ бизнеспен айналысуға және ең аз төлемді төлеуге болатын еді.
Бұл енді пәтерді, жеке үйді, жатақхананы жалға беріп отырғандарға тікелей әсер етеді. Бұл туралы Krisha.kz жазды.
Бірыңғай жиынтық төлем неге жойылады?
Ол әу баста өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үшін уақытша шара ретінде 5 жылға ғана (2019 жылдан 2023 жылға дейін) енгізілген. Негізінде салық емес, төлем болып саналады.
Оны енгізудің негізгі мақсаты өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды міндетті әлеуметтік, медициналық сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету жүйелеріне тарту болды.
Алайда, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖТ өз жұмысын тоқтатады. Бұрын БЖТ төлеп келгендер бизнесін әрі қарай жалғастырғысы келсе, жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге тиіс немесе үлкен төлемдер төлеуі керек.
Жеке кәсіпкер ретінде қалай тіркеле аласыз және БЖТ-дан бөлек қандай салық түрін таңдауға болады?
Мысалы, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей қандай салық төлеуге болады?
Бұл табыстың кез келген түріне қатысты.
Ерекшеліктері:
Салық органына тіркелу қажет емес.
Салық мөлшерлемесі – әлеуметтік төлемдерді есепке алмағандағы табыстың 10%-ы.
240.00 формасы бойынша жылдық декларацияны тапсырғаннан кейін жылына бір рет салық төлеу. 10% мөлшерлемеде әлеуметтік төлемдер, зейнетақы жарнасы, медициналық сақтандыру жоқ.
Бұл кімде ресми табыс бар, одан әлеуметтік төлемдер төлейтіндерге тиімді. Немесе іскер өз бетінше зейнетақы жарнасын, басқа төлемдерді төлеуі керек.
Егер бұл тәсілдер талапқа сай келмесе, онда жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет. Бұл кезде E-Salyk Business арнайы салық қосымшасын пайдаланасыз.
Салық мөлшерлемесі — табыстың 1% + әлеуметтік төлемдер.
Салық ай сайын табыс түскеннен кейін төленеді. Салық есептемесін бермейсіз.