Қазақстанда киіктерді әуесқойлықпен аулауға рұқсат етіледі

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру қағидаларына өзгерістер дайындады.

Сонымен, тізбеге дериваттарды (мүйіздерді) қоспағанда белгіленген аңшылық алқаптардың аумағында киіктерді әуесқойлықпен (спорттық) аулауға рұқсат беру қосылды. Оның үстіне ол бөлінген квота бойынша жүзеге асады.

Белгіленген алқаптардың аумағында киіктерге әуесқойлықпен аңға шығу туралы өтініш жергілікті атқарушы органға беріледі. Ақбөкенді әуесқойлықпен аулауға рұқсат бекітілген нысанда беріледі. Онда бір аталық ақбөкенді аулау көзделген.

Резервтік қордың аумағында киіктерді кәсіптік аулауға лимит биологиялық негіздеме негізінде белгіленеді. Аңшылық алқаптардың резервтік қорының аумағында киіктерге кәсіптік аңшылық жүргізу туралы өтініш жергілікті атқарушы органға да беріледі. Ал резервтік қор аумағында кәсіптік аң аулауға рұқсат бекітілген нысан бойынша беріледі.

Аңшы аңшылықтан кейін ақбөкен өлексесінің мүйіздері мен мүшелерін маркировкасымен белгілейді.

Құжат 20 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтына жарияланған.

Еске салсақ, осының алдында Қазақстанда ақбөкендерді аулау мерзімдері жасы мен жынысына, мекендеу ортасына қарамастан 1 қазаннан 20 желтоқсанға дейін ұзартылғанын жазған едік.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-13
Утром-4.39 ℃
Днем-1.36 ℃
Вечером-2.72 ℃
Ночью-4.09 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра8.3 м/с
2026-01-14
Утром-7.63 ℃
Днем-7.47 ℃
Вечером-8.04 ℃
Ночью-8.74 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра8.38 м/с