Қазақстан мектептерінде буллингпен күрес күшейтіледі

Оқу-ағарту министрлігі балалар арасындағы келеңсіз құбылыстардың санын азайтып, позитивті ойлауды қалыптастыру үшін педагог-психологтардың жүктемесін азайтады.

Көрнекі сурет

Оқу-ағарту министрлігінің 8 қараша күні таратқан мәліметіне сүйенсек, ведомство педагог-психологтардың жүктемесін азайту мәселесін қарастырып жатыр. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанованың айтуынша, министрлік жүктемені бір маманға 500 оқушыдан келетіндей етіп бөлуді жоспарлап отыр.

Психологиялық қолдау қызметтерін күшейту балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары, сондай-ақ педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтарды даярлауға қойылатын талаптарды қамтитын «Педагог» кәсіптік стандарты аясында жүргізілмек.

«Мамандардың неғұрлым тиімді жұмыс атқаруы үшін білім беру ұйымдарында психологиялық қызмет Ережелері қабылданды. Міндетті құжаттардың тізбесі қысқартылды. 8 өңірде психологиялық қолдау орталықтары құрылып, «Цифрлық кабинет» жұмыс атқармақ. Педагог-психологтардың жұмыс уақыты бекітіліп, оқыту курстары ұйымдастырылды. Мәселен, биыл 4,5 мыңға жуық педагог-психолог біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Аталған шаралар балалар арасындағы келеңсіз құбылыстардың санын азайтып қана қоймай, позитивті ойлауды қалыптастыруға мүмкіндік бермек», – деп атап өтті Насымжан Оспанова.

Министрлік бұған қоса білім беру бағдарламаларын жаңарту және білім беру ұйымдарында мамандар санын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Еліміздің барлық өңірлерінде психологиялық қызмет орталықтарын ашу жоспарланған.

Бүгінде елімізде 8 мыңнан астам педагог-психолог жұмыс атқарса, оқушылар саны 4 миллионға жетеқабыл.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-21
Утром-12.18 ℃
Днем-8.51 ℃
Вечером-10.4 ℃
Ночью-12.01 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра2.11 м/с
2026-01-22
Утром-13.48 ℃
Днем-8.59 ℃
Вечером-10.41 ℃
Ночью-12.82 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра3.49 м/с