Қорғаныс министрлігі электронды есеп енгізді: бұл әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілер үшін нені білдіреді

Қорғаныс Министрлігі әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың сандық есебіне көшу туралы хабарлады. Енді әскери комиссариатқа келуді талап ететін қызметтерді онлайн режимінде алуға болады. Сонымен қатар азаматтарды жұмысқа орналастыру тәртібі жеңілдетілетін болады.

Бұған дейін бұл инновацияны заңнамалық бекіту мен оны техникалық іске асыру жұмыстары жүргізілген болатын.

Осылайша, «электрондық үкіметтен» мемлекеттік басқарудың жаңа форматы – «көрінбейтін үкіметке» көшу жүргізіліп жатыр. Оның мәні –шығарылған шешімдердің ауқымы азаматтарға көрінбейді. Мемлекеттік саясаттың назары адамға, оның қажеттіліктері мен мүдделеріне бағытталған.

Әскери есепке алу саласындағы қызметтер кешенін электрондық форматқа ауыстыру Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйелерін басқа мемлекеттік органдармен ықпалдастырудың арқасында мүмкін болып отыр.

– Енді келу тәртібін талап ететін қызметтер цифрлық форматқа ауыстырылды. Бейбіт уақытта әскерге шақыру жасындағы азаматтарды тіркеу туралы куәліктер мен әскери қызмет өткермегендерге әскери билеттер беру тоқтатылды. 17 жастағы жігіттер үшін жеке істерін жинап, әскери комиссариаттарға тіркеуге келудің еш қажеті жоқ. Қызметтің бұл түрі жүйелердегі қолда бар деректер негізінде автоматты түрде жүзеге асырылады, – деп нақтылады Қарулы күштер Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары полковник Руслан Омаров.

Бұдан өзге әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың электрондық есебі енгізілді. Тұрғылықты жері ауысқан кезде азаматтар автоматты түрде жергілікті әскери басқару органдарына бекітіледі.

Қызметтерді автоматтандыру азаматтарды жұмысқа орналастыру тәртібін де жеңілдетеді. Жұмыс берушіге енді қызметкерден әскери билет немесе тіркеу куәлігін талап етудің қажеті жоқ. Барлық дерек азаматтың Egov-тағы жеке кабинетінің «әскери қызмет» бөлімінде тұр.

Егер ондағы мәліметтер сәйкес келмесе немесе жеткіліксіз болса, ресурс пайдаланушылары жеке кабинет арқылы «мәліметтерді өзектендіру/түзету» мемлекеттік қызметін алуға өтінім бере алады. Онда тиісті құжаттарды қоса береді.

Зейнеткерлікке шыққан кезде әскери қызметті өткергенін растайтын анықтама алу үшін жергілікті әскери басқару органына жүгіну қажеттілігі де жойылды.

Қорғаныс, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің деректерін біріктірудің арқасында «Жеңілдіктері бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына және Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюға қатысушыларға) анықтамалар беру» мемлекеттік қызметі де алынып тасталды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: 17 жастағы бозбалалар әскерге шақыру учаскелеріне проактивті режимде тіркеледі

Қазақстанда кімдер әскерге шақырылмайды – Қорғаныс министрлігі жауап берді

Әлем елдері жастарды әскерге шақырудан бас тартып жатыр. Қазақстанда жағдай қалай?

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-17
Утром-17.59 ℃
Днем-16.2 ℃
Вечером-18.44 ℃
Ночью-20.95 ℃
Влажность67 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра7.08 м/с
2026-01-18
Утром-24.07 ℃
Днем-16.94 ℃
Вечером-19.13 ℃
Ночью-18.2 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра3.43 м/с