Оралда пойыз басып кеткен адамды дәрігерлер аман алып қалды

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 7 қарашада Оралдағы «Белая Казарма» аялдамасы аумағында ер адамның пойыз астына түскенін жеткізді.

Дәрігерлер бригадасы оқиға орнына 5 минуттан кейін келіп жеткен. 33 жастағы ер адамның аяғы шойын темірде қалып кеткені белгілі болды. Оқиға орнында дәрігерлер оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, одан соң оны облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізген.

«Зардап шеккен ер адамның жағдайы өте ауыр болды, ол көп қан жоғалтып, ес-түссіз болды. Травматолог, реаниматолог, нейрохирург және анестезиологтан тұратын дәрігерлер тобы шұғыл отаға кірісті. Оның аяғын кесуге тура келді. Қазір науқастың жағдайы «тұрақты ауыр» деп бағалануда, ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды», делінген хабарламада.

Ер адам травматолог Қанат Өтегеновке, хирург Ерғали Байкатовқа, анестезиолог Айбек Түрікпеновке, реаниматолог Арман Дүйсәлиевке, анестезист Галина Астоваға, медбике Нұрай Ғазезге алғыс білдіретіні де атап көрсетілген.

ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі толықтырғанындай, аталған дерек Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 1-бөлігімен, яғни темiржол көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-19
Утром-13.44 ℃
Днем-6.46 ℃
Вечером-7.32 ℃
Ночью-7.96 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра8.73 м/с
2026-02-20
Утром-5.16 ℃
Днем-2.31 ℃
Вечером-4.47 ℃
Ночью-7.64 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра8.73 м/с