Экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтіргені хабарланды

Алдын ала мәлімет бойынша, мас экс-шенеунік өздерінің «Bau» мейрамханасында әйелін соққыға жыққан.

Әлеуметтік желіден

«Астана қаласының полиция департаментіне қаладағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал болғаны, салдарынан әйелдің алған жарақатынан қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Күдікті қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», — деді тәртіп сақшылары.

Бүгін Астанада 20-30-да Бау мейрамханасында бұрынғы шенеунік әйелін аяусыз ұрып-соққан. Ол жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Бишімбаев ұсталды. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеуде.

Ұсталған кезде ол өзіне пышақ саламын деп қорқытып, өзін-өзі өлтірмек болған.

Қуандық Бишімбаевтың қаза тапқан жұбайының аты-Нукенова Салтанат Амангелдіқызы, ол 31 жаста еді.

43 жастағы Қуандық Бишімбаев 2009-2010 жылдары Президент Назарбаевтың көмекшісі болып жұмыс істеді. Содан кейін сауда және экономикалық даму министрінің орынбасары, Самұрық-Қазына Қоры Басқарма төрағасының орынбасары болды. 2013 жылдан 2016 жылға дейін «Бәйтерек» басқармасының төрағасы, ал 2016 жылы бірнеше ай Ұлттық экономика министрі қызметін атқарды.

2017 жылғы 10 қаңтарда Бишімбаев аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша ұсталды және

2018 жылғы 14 наурызда 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

2019 жылдың 25 қыркүйегінде бұрынғы шенеунік босатылды, Шымкент қаласының Абай аудандық соты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қанағаттандырды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-14
Утром4.47 ℃
Днем5.53 ℃
Вечером7.68 ℃
Ночью9.89 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.24 м/с
2026-11-15
Утром10.92 ℃
Днем6.75 ℃
Вечером2.61 ℃
Ночью2.46 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.03 м/с