Ақтөбеде атылған 820 киік ұшасы қабылданбай, киіктердің еті бұзылып кеткені айтылды

БҚО әкімдігінің хабарлауынша, киік санын реттеуге жергілікті атқарушы орган араласпайды. Бұл – «Охотзоопром» мекемесінің құзырындағы шаруа.

Әлеуметтік желіден

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық қадағалау комитетінің Ақтөбе облыстық инспекциясы Жайық популяциясында атылған киіктің 820 ұшасын қабылдамай, кеше 9 қарашада кері қайтарған. Ақтөбе облыстық әкімдігінің мәліметінше, қаладағы «Дала ел» мен «Қасымов» компаниялары Оралдан киік ұшасын ауызша келісім негізінде алдыртқан. Бірақ бұл жақында ашылған комбинаттар ет өңдеуге рұқсат беретін лицензия алып үлгермеген. Сондықтан құзырлы органдар Ақтөбедегі екі комбинаттың киіктердің етін қабылдауына рұқсат бермей қойған.

Жүк көлігінде бір тәуліктен астам уақыт тұрып, кері қайтарылған өнімнің енді не боларынан Ақтөбе әкімдігі бейхабар, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі де білмейді. БҚО әкімдігінің хабарлауынша, киік санын реттеуге жергілікті атқарушы орган араласпайды. Бұл – «Охотзоопром» мекемесінің құзырындағы шаруа.

Желіде таралып жатқан мәліметке қарағанда, Оралдан Ақтөбеге жеткізілген 820 киіктің ұшасы түгел иістеніп кеткен. Бұл желідегі жұрттың наразылығын туғызып, қан-жоса болған көліктің суреті тез таралып жатыр. Оралдан әкелінген 820 ұшаның бұзылып кеткенін Ақтөбеде ет өнімдерін өңдеуге рұқсаты бар жалғыз комбинат «Айбек» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі де растап отыр.

– Киік ұшаларының иістеніп кеткені сондай тіпті оны өңдеп, консервілеуге де жарамсыз болды. Сол себепті біз Оралдан жеткізілген киік етін қабылдамай қойдық, -дейді «Айбек» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің иесі Самат Қалдығұлов.

Кәсіпкердің айтуынша, бұған дейін Ақтөбеге Оралдан киік еті әкелінбеген.

Ал «Охотзоопром» мекемесінің БҚО-дағы филиалы Жайық популяциясынан атылған киіктің Оралдағы 8 ет комбинаты мен көршілес Атырау, Ақтөбе облыстарына жөнелтіліп жатқанын хабарлады. Киік еттері арнайы ет комбинаттары арқылы сатылады, базарға шығарылмайды.

Қазақстан экология министрлігі «киіктер ауыл шаруашылығына зиян тигізіп жатыр» деп санын азайту үшін атуға рұқсат берген. Жайық популяциясының киігін ату 6 қазаннан кейін басталған. Қарашаның соңында аяқталуы тиіс. Осы аралықта Жайық популяциясындағы киіктің 20 пайызы яғни, 226 000 киік ауланады.

«Охотзоопром» мәліметінше, БҚО-да осы кезге дейін 8 469 бас киік атылған.

Киіктің дүниежүзілік популяциясының 90 пайыздан астамы Қазақстанды мекендейді. Сондықтан Қазақстанда киік мемлекет қорғауына алынған.

Қазақстанда 1999 жылдан бері киік атуға (ғылыми мақсатта пайдаланудан басқа) салынған тыйым алты рет ұзартылған. Экология министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, мораторийдің нәтижесінде Қазақстанда киік саны біршама өсіп, 2 миллионнан асқан.

Қазақстанда киіктің үш тұқымдасы – Бетпақдала, Үстірт және Орал тұқымдастары бар.

БҚО-да шаруалары кейінгі жылдары айрықша көбейген киік шаруашылыққа зиян келтіре бастағаны жайлы көп шағым айта бастады. Шаруалардың шағымынан соң министрлік киікті ату ұсынысын айтқан еді. Бұған экологтар қарсы шығып, атуға рұқсат беру киіктердің азаюына әкеп соғады деп дабыл қаққан. 2022 жылы шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сол кездегі экология министрі Серікқали Брекешевке киіктер популяциясын «ату» арқылы реттеу туралы шешімі үшін сөгіс жариялаған.

Дереккөз: Аzattyq

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-09
Утром17.16 ℃
Днем26.46 ℃
Вечером26.47 ℃
Ночью21.08 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.39 м/с
2024-09-10
Утром17.79 ℃
Днем27.37 ℃
Вечером26.6 ℃
Ночью22.25 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.84 м/с